Қайғылы оқиға 4 сәуірде Ақсай қаласында 47 жастағы ер адам үйдің ауласында көлік жөндеп жатқан кезде болған.
1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің «Газ САЗ 35071» (самосвал) көлігін жөндеп жатқан. Тежегіштің сұйықтығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатқан. 14 жасар ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тежегішті басуын өтініпті.
Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Жарақат алған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.