Бауырлар, бұларың не? Бекболат Тілеухан ренжіп жатыр

Бекболат Тілеухан Қазақстанға оралып, журналистерді сотқа бермек.

Түркияның азаматтығын алуға өтініш берді деген жаңалық пен соған байланысты қазақтардың жазған зәрлі посттары мен ащы комменттері Түркияда жүрген экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатты тигенге ұқсайды.

Мұндай қорлыққа шыдамаған ол әлгі ақпараттың жалған екенін айтып, арнайы мәлімдеме жасап, сол ақпаратты таратқан сайтты сотқа беретінін жеткізді.

Ақылға сыймайтын нәрсе еді, ел нанбайтын шығар деп ойладым. Сөйтсем, кәдімгідей ел иланып жатыр, мен басқа елдің азаматтығын алуға өтініш беріпті дегенге. Ақылға сыймайтын, қисынға томпақ нәрсеге нанып жатыр. Менің ана Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым, мен үшін бір аяулы болған аңғал, батыр, нанғыш жігіттер бар. Солар нанып, шашып пост жазғанын көрген кезде, осындай мәлімдеме жасамасам болмайтынына көзім жетті. Айтайын дегенім, қадірлі бауырлар, мен ешқандай да бөтен елдің азаматтығын алуға өтініш бергем жоқ. Аллаһ куә. Өлләһи. Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Көк паспорттан менің айырылатын ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің қисынсыз жаласына сенбеңіздер! Кәдімгі жала бұл! Сенбеңіздер, «Ұлысмедианы» сотқа берем. Сотта кездесеміз, аманшылық болса. Өтірікке нанушы болмаңыздар,

деді Бекболат өз аузымен.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago