«Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» дегенді Қазақстанның билігі тікелей түсіне ме?
Кейін туған балалар білмеуі мүмкін, бірақ ертеректе Қазақстанның сайлаулары кәдімгідей, қызықты, тартысты өтетін заман болған. «Какой-то конкуренция болады» деп, сенат спикері Мәулен Әшімбаев дүңк еткізгені болмаса, қазір еш интрига жоқ.
«ҚР президентінің сайлауы» деген тақырыптағы жаңалықтарды мүлдем оқымайтын боп алыппын. Бұрындары оқушы едім. Ересек, үлкен кісілердің нәтижесі алдын-ала белгілі боп отырған болымсыз оқиғаны кәдімгідей терең ойланған түр жасап алып, талқылап жататыны таң қалдырады екен. Бірақ көрші елде болып жатқан оқиғаларға қарасақ, есалаңдық қазір трендте сияқты. Алайда олардағы шизофренияның соңы немен тынатыны белгісіз болғандықтан, ол елдің жаңалықтарын бақылап отыру қызық. Бізде енді шынымен интрига жоқ,
деп жазып кетіпті желіде Арман Баймышев деген көзі ашық қазақтың бірі.