Categories: Қоғам

Бейқам қазақтан қорқамын…

Жұрт «қытай қаптайтын болды, анау мынау» деп, шулап жатыр.

Өз басым қытайдан емес, мен «бейқам» қазақтан қорқамын.

  • Қытайлар керемет сұсты, рухты халық емес, бірақ қу әрі аса ақылды халық.
  • Қытай бізге ашық түрде соғыс қаупін тудырып тұрған жоқ, олар пысықтығы мен еңбекқорлығы және қулығымен жаулап алады.

Қытайлар біз құсап өсек айтып, саясатты сапырып, ата-бабасы мен тайпасын түгендеееп отырған жоқ.

Әр қытай айлығы аз демей, (Қытайда орташа айлық 300-350$) тіршілік ететін ұлт.

Ал біз бір түйір ине де шығармаймыз, сылтау көп, ештеңе жақпайды бізге.

Біз бақытты болу үшін міндетті түрде қымбат көлік, пәтерің болу керек, «роскошьта» өмір сүрсек дейміз.

Қияли ұлтпыз. Болмаса, Тоқаев кінәлі.

Барға шүкір деп, азға қанағат еткендерді «шүкірбай» деп келеке етеміз.

Алыс, дамыған елдермен өзімізді салыстырмай-ақ қояйық, бізден экономикасы әлдеқайда нашар көршілес, бауырлас Өзбекстан мен Қырғызстанның өзінде орта және шағын кәсіпорындар қарқынды дамып келе жатыр. Біздегі бүкіл тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдар киім-кешек т.б, 70-80% Қытай беріп отырса, киімнің 10-15% Түркиядан, 15-20% Қырғыз елінен келіп отыр. Бүгінде мода болып жатқан ұлттық нақыштағы бүкіл киімді тігіп беріп отырған осы Қырғыз бауырлар. Х/б киімдер өзбектерден жеткізілсе, біз өзімізше менсінбейтін Түркменстан бізді текстиль өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Табысы аз болса да осыны қарапайым халық істеп жатыр.

Қазақстанда тіршілік етуді жоспарлаған жанға мүмкіндік мол, бірақ біз еңбекке салынсақ, саясатты кім талқылайды, руымызды кім мақтайды, ата-бабамызды кім түгендейді?!

Үкімет пен президентті жамандап, өмірден түңіле бермей, бір уақыт өзіміз де әрекет етерміз, мүмкін?

мүмкін?
facebook.com/asiya.kz01
Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago