Categories: Қоғам

Атырау-Алматы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызы бригадасының қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының мәліметінше, Атыраудан Шымкентке қарай келе жатқан жас ананы жолда толғақ қысқан. Осы кезде жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова пойыз вагонында жүкті әйелдің аман-есен босануына барлық жағдайды жасады.

«Сағат 21:52 минутта сәби дүниеге келді. Нұсқауға сәйкес жолсеріктер күтпеген жағдай орын алғанда пойыз машинистіне хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырды.

Пойыз Қазалы станциясына келіп тоқтағанда сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қарсы алды», — деп жазды ұлттық компаниядан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago