Categories: Оқиға

Бейсенбідегі соққылардан Украинада 11 адам мерт болды

Ресей әскері бейсенбі күні таңертең Украина аумағын зымыранмен атқылады.

Зымыран соққылары мен оның алдында дрондар жасаған шабуылдардан кем дегенде 11 адам мерт болып, 10-нан астам адам жараланды. Бұл туралы Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі қызметінің өкілі хабарлады. Ол нақты қай қалаларда адам шығыны болғанын айтпады. Киевте кем дегенде бір адам опат болғаны мәлім.

Днепропетровск, Запорожье және Киев облыстарында, сонымен бірге Винница облысы мен Одесса түбінде жарылыстар болды. Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасындағы жарылыстар туралы хабарлады.

Энергетика нысандарына да соққы жасалған. Одесса облысының билігі екі маңызды инфрақұрылым қирағанын хабарлады. Киев облысында да бір нысан қираған. Бірнеше облыста, соның ішінде Киев, Винница және Одессада жарық сөнді.

Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйдың хабарлауынша, ел аумағына барлығы 55 зымыран атылған, олардың арасында екі «Кинжал» гибердыбыс зымыраны да бар. Украин жағы 47 зымыран әуе қорғанысы жүйесінің көмегімен атып түсірілгенін хабарлады. Ресей қолбасшылығы соққы туралы әзірге мәлімет таратқан жоқ.

Бұның алдында Ресей 14 қаңтарда Украина аумағын зымыранмен атқылаған. Зымырандардың бірі Днепрдегі тұрғын үйге түсіп, кем дегенде 40 адам опат болған.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago