Categories: Саясат

Бекболат біліп тұр. Елде «Конец властидің» көкесі болады

Украина жыл соңына дейін Херсон, Харьковты азат етуі мүмкін. Одан әрі олар Қырымды азат етуге талпынары сөзсіз. Іс жүзінде бұл Путин режимінің күйреуінің алғашқы қоңырауы. Путин бұл соғыста сөзсіз жеңіледі. Путин барынан айырылады, деп пайымдайды желіде Данеш Байболатов.

Неге?

Фрэнсис Фукуяма адамзаттың бергі тарихында нацизм, фашизм, большевизм, либерал демократия секілді жаһандық идеологияның текетіресі туралы жазады. Большевизм КСРО-мен бірге, нацизм Гитлермен бірге күйреді. Фукуяма ислам жаһандық идея болуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ Мысыр, Тунис, Сирия, Ауғанстандағы жағдай бұл ойды әзірге теріске шығарды. Тек либерал демократия идеясы кең тарауда.

Путин нацизм мен большевизмнің, имперлік шовинизмнің сұмпайы синтезін ұсынып идеологиялық тұрғыда әу бастан ақ жеңілді. Оның жемқорлыққа батқан жүйесін украин немесе орыс солдатының қайсысы бірінші болып штыгына түйрейтінін уақыт көрсетеді. Оған да аз қалды.

Ал Путин тақтан тайса, посткеңестік кеңістікті былай қойғанда Африка, Латын Америкасында тектоникалық өзгерістер болады. Әсіресе Қазақстанды, Орталық Азияны үлкен саяси өзгеріс, толқулар күтіп тұр.

Бекболат Тілеухан Мойзес Наимның «Конец власти» кітабын текке меңзеген жоқ.

Жаһандық жақындасу дәуірінде, ақпарат технологиясы қарқынды дамыған қоғамда авторитарлы режиммен елді ұзақ басқару мүмкін емес. Диктаторлардың уақыты Антарктиданың тез еріп жатқан мұздары секілді. Билікте ұзақ қалу үшін, легитимдігіңді заңсыз ұзарту үшін Қытай секілді алып мемлекеттің немесе Солтүстік Корея секілді оқшауланған және әлемге түкке қажетің жоқ елдің басшысы болуың керек.

Ал Қазақстан секілді сыртқы факторларға, әсіресе Кремльдің ауа-райына тым тәуелді ел болашақ тектоникалық тербелістерді эпицентріне жақын орналасқандықтан бірінші болып сезеді.

«Сайдағы арқардың тұяғына тас батса, қырдағы арқардың мүйізі сырқырайды»,

деп атам қазақ қалай дөп айтқан.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago