Соғыстан тыс Украина: Жылытқыш тапшылығы, жаңа теміржол стандарттары мен демонология. 9 қыркүйек

Украина тарихындағы ең қиын қыс мезгіліне дайындалып жатыр. Үкімет елге сырттан көмір әкелуге тыйыс салды. Халықтың жылытқыштарды сатып алудан басқа амалы жоқ.

Шілде айында Google Ukraine сарапшылары Украин халқының интернет арқылы көп сұранысын анықтады. Билік алдағы қыс ел үшін қиын болатынын ескерткен еді. Осыған байланысты жылыту құралдарына сұраныс жаз үшін рекордтық 20% — көрсеткішке өсті.  Liga.net сайтының мәліметінше маусым айының өзінде үйді жылыту құралдарына сұраныс он есе артқан.

Ал ел билігі өз кезегінде отандық көмірді экспорттауға толық тыйым салды, деп жазды Бабель.

Электромобильдер сұраныста

Украинада жанармай тапшылығы болғаны бәрінің есінде. 6 ай соғыс кезінде Украина жанармай импортын 12 есе арттырып,60 мыңнан 710 мың тоннаға жеткізді. Жанармай бағасы төмендегенімен, дизель отынының құны шарықтады, деп хабарлайды Finance.ua.

Speka мәліметтері бойынша, аталмыш өзгерістер электромобильдерге сұранысты арттырды. Жылдың екінші маусымында 75,8%  өскен.

Экономиканың құлдырауы

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Украинаның халықаралық резервтері алдын-ала мәліметтер бойынша 25 436 миллион долларды құрады. Тамыз айында олар 13,6% — ға өсті. Бұл халықаралық көмек көлемінің айтарлықтай артуының арқасында болды. Яғни шетел алдындағы борыштық төлемдерін өтеу және Ұлттық банктің валюта сату бойынша аз интервенциялары әсерін тигізді, деп жазды Finance.ua.

Бұл ретте, Украина жыл соңына дейін шамамен 12 млрд доллар, оның ішінде ЕО-дан макроқаржылық көмек бағдарламасы шеңберінде 8 млрд еуро алуды жоспарлап отыр.

Бірақ шетелдің араласуына қарамастан, Украинаның ЖІӨ екінші тоқсанда 37,2% төмендеді.

Аванстық салық

Жоғарғы Рада валюта айырбастау пункттерінің пайдасына салық бойынша аванстық жарналарды төлеу туралы заң жобасын қабылдады.

Өз кезегінде Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз долларға айырбастау бойынша алғашқы операцияны жүргізді. НБУ қолма-қол ақшамен 100 миллион доллар ұсынды, банктер барлық сомаға келісті. Бұл процесске 14 банктің 12-сі қатысады. Жақын арада банктердің кассалары қолма-қол валютамен толығады.

Банктік емес қаржы ұйымдарының саны 1648-ден (31 шілдедегі жағдай бойынша)1614-ке (31 тамыздағы жағдай бойынша) дейін азайды. 35 қатысушы нарықтан шықты, бірақ жаңа біреуі тіркелді.

Салықтан жалтару

Сондай-ақ ел ішкі ресурстарға зәру. Экономикалық қауіпсіздік Бюросы украиналық олигархпен байланысы бар компаниялар тобын әшкереледі. Олар 108 млн гривен көлемінде салықты төлеуден қашқан. Бабель мәліметінше, аталмыш компания минералды тыңайтқыштарды сатумен айналысады.

Market Finder

Біреуі салықтан жалтарса, басқалары қиын кезде көмек қол ұшын созып отыр. Google Украиналық компанияларға жаңа нарықтарға шығуға, жаңа клиенттер мен серіктестерді іздеуге және интернеттегі экспорттық сатылымдарды арттыруға көмектесетін тегін Market Finder қызметін іске қосады.

Әрине, қазіргі шындықта бизнес қатты зардап шекті. Украинада соғыс кезінде 2000-ға жуық жаңа бизнес ашылса, 7000-ға жуығы жұмысын тоқтатты. Нарық өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеді, деп хабарлайды The-village.com.ua.

Жақында Токиода украин асханасының алғашқы «Смачного» мейрамханасы ашылды.

«Укрзализныця» бар пойыздарды жетілдіріп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жаңа «пилоттық» пойыздарды іске қосты. Осылайша алғашқы екі пойыз сынақтан өтпек:

  • вагондарды жууға арналған жуу құралдары;
  • қол сабынының орнына автоматты көбік сыналады;
  • ыңғайлы дәретхана қағазы және жаңа қағаз ұстағыштар;
  • дәретханалардағы унитаздарға жапсырмалар;
  • қағаз сүлгі ілгіштер.

Finance.ua. хабарлауынша, жолаушыларға бір рет қолданылатын тәпішке, дымқыл және құрғақ майлықтар, тіс щеткасы мен паста, шаш тарақтары бар гигиеналық жиынтықтар ұсынылады. Плацкарт және купе вагондарының жолаушылары үшін ақылы болады, ал люкс (СВ) вагондарында аталмыш жиынтық билет құнына қосылатын болады.

Мәдениет және демонология

Львов қаласында мәдени орталық ашылды. Бұл туралы ЮНЕСКО хабарлады.  Оған 1,5 млн доллар бөлінді.  Орталықта белгілі суретшілер кездесіп, тәжірибе алмасады. Оқу бағдарламалары мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жаңа кітаптардың басылымы да қарқынды жалғасып келеді. «Стилет және стилос» баспасы сиқыр мен нанымдар туралы «Украина демонологиясы» кітабын шығаруға дайындалып жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago