Бекболат Молдабеков Әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Әр жылдары Ақпарат министрлігінде Ақпараттандыру департаментінде, Цифрлық даму министрлігінде Цифрландыру департаментінде қызмет етті.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары болды.