Бекболат Тілеухан жеті бөлмелі пәтерін 160 миллионға сатып жатыр (фото)

Есіл ауданында орналасқан пәтердің бағасы – 160 млн теңге.

Бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға тиесілі болуы мүмкін Нұр-Сұлтан қаласындағы жеті бөлмелі пәтердің сатылатыны туралы хабарландыру жарияланды. Бұл туралы Aikyn.kz басылымы Arbat Media сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қазір Түркияда тұрып жатқан Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы қымбат пәтерін сатуды ұйғарған болуы мүмкін.

Krisha.kz сайтында жарияланған хабарландырудағы фотосуреттер саясаткердің әлеуметтік желідегі жеке аккаунтындағы суреттеріне ұқсас. Әсіресе, кіреберістегі қабырға мен бөлменің қазақы нақыштағы көрінісі Бекболат Тілеуханның осыған дейін түскен суреттерімен бірдей.

әлеуметтік желіден алынған

Пәтерде барлығы жеті бөлме, жуынатын төрт бөлме, үш гардероб, асхана, үш балкон және лоджия бар. Үйдің жалпы ауданы шамамен – 350 шаршы метр. Пәтер есігі брондалған.

Қаңтардан бері шет мемлекетте жүрген Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алды деген сыбыс тараған. Алайда ол әлеуметтік желі арқылы төлқұжатын көрсетіп, ел азаматтығынан шықпағанын хабарлаған болатын. Сатуға шығарылған пәтер жайында бұрынғы депутаттың өзі пікір бермеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago