Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > «Бекер үйлендім»: Елдос «Калабок» балалы бола алмайтынын айтты
Атақ және ақша

«Бекер үйлендім»: Елдос «Калабок» балалы бола алмайтынын айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Обновлено 18.05.2023 в 11:05
Поделиться
Поделиться

Әзілкеш, асаба, қалың көпшілікке “Колобок” деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, сырқаты жайлы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің шаңырақ көтергеніне 10 жыл болса да сәби сүйе алмай жүр. Елдос Кәдірханов бұған кім кінәлі екенін, сырқаты және әйелімен қарым-қатынасы жайлы баяндады.

“Ауырдым, операцияға түстім. Дәрігерлер: “Дер кезінде келіп үлгердің, болмаса өліп кетер едің” деді. Бұтым ауырды, валикация, болмаса басқа дүние деп ойладым. Сөйтсем шұғыл операция керек екен, ісікке айналу қауіпі бар болған. Ота жасалған соң дәрігерлер менде бедеуліктің белгілері барын, балалы бола алмауым мүмкін екенін айтты. “Отадан кейін тексеріліп көр, қалпыңа келген соң белгілі болады” деп сырқатым туралы бәрін біліп тұрса да мені үміттендіріп шығарып салды. Ол кезде мен 21 жастамын, қазір 31-демін. Осы диагнозбен жүргеніме 10 жыл болды. “Аппарат” жұмыс істеп тұр, өз қызметін атқарады, белгілі бір сұйықтық бөлінеді, бірақ балаға айналмайды. Бармаған жерім жоқ, шетелге де бардым. Шетелде жүрсек басқалар қыдырып жүр деп ойлайды. Оның артында біздің көз жасымыздың тұрғанын, шок болып, қанша рет әйеліммен сөйлеспей қалған кездерім болғанын білмейді. Бір-бірімізге “ажырасайықшы, біз бірге тұра алмаймыз, отбасы бола алмаймыз” деп айтқан кездеріміз болды. Сол сәтте осындай сөздер айтылады, басыламыз, “ештеңе етпейді, бұдан да өтеміз” дейміз соңында.

Блогердің айтуынша, келіншегі Таңшолпан болашақ күйеуінің сырқаты жайлы білген. 

“Маған қатты ауыр тиген сөз: «Сенде 100% бала болмайды». Пендеміз ғой, бал аштыруға да бардық. Олар да: “Бала асырап ал, сенде бала болмайды “ деді. Дәрігерлердің де айтатыны сол. Әйелімнің жылағаны жаныма батады. Оның көз жасына оқырмандардың жазған пікірлері және менің кесірімнен балалы бола алмайтыны себеп. “Тоқал алсаңшы”, “Мен туып берейін”, “ЭКО-ға барсаңдаршы” дейтіндер көп. Мұндай пікірлерді менің әйелім оқиды ғой. Олар біздің 6 жыл бойы қандай сынақтардан өтіп келе жатқанымызды білмейді. ЭКО-ға барып шешілетін мәселе болса, біз баяғыдан шешіп қояр едік. Ұйқысыз түндер көп болды. “Әттең-ай”, “бекер үйлендім” деген кездерім көп болды. Бұл сөзді әйелім жаман болғаннан айтқан жоқпын. “Бұл сынақ маған келіп тұр, бекер үйлендім, өзім жүре бергенде. Мүмкін мұндай жағдай болмайтын еді” деген ойлар жиі мазалайды.  Яғни, кінә менен. Менің денсаулығымда кінәрат болғандықтан бізде бала жоқ. Үйленер кезде әйеліммен бұл туралы сөйлескенмін. Ол кезде танымал, жағдайы айналып кеткен Елдос жоқ. Оның да өмірі бар. Мен сырқатымды білім тұрып айтпай, үйленіп алуым дұрыс емес. Диагнозым туралы ашық айттым. “Бізде бала болатынын, болмайтыны, өміріміз гүл бола ма, күл бола ма нақты білмеймін. Бірақ мен не жеймін, соны жейсің, не ішсем соны ішесің. “Қиындықты да, жақсылықты да бірге көреміз” дегенге дайын болсаң, кеттік” дедім, ол жылады. Бірақ “жоқ” деп те, “иә” деп те айтпады. Келесі күні қашан алып қашып кететінімді айттым, сол күні алып қашып кеттім. Әйеліме Алла разы болсын, ешқашан “кетемін” деп айтпайды. Кейде солай айтпағаны үшін ашуланамын, кейде риза боламын. Керісінше, маған: “Менде сондай болса, сен кетіп қаласың ба?” деп сұрақ қояды. Бұл сөзден кейін не дейсің? Кінәлі болып тұрып, соны біліп тұрып өмір сүрген қиын. Ол менің орнымда болса, мен қандай шешім қабылдайтынымды, ол қандай сехімде болатынын білмеймін. Бірақ қазір балалы бола алмауымызға мен кінәлі болғаным үшін өзімді жаман сезінемін. Көпшіліктің осы жағдайды білмей, әйеліңді қаралағыны маған ауыр тиеді. Ешкімнің баламен сыналғанын қаламаймын.

Десе де блогер перзент сүюден үмітті және көп нәрседен бейхабар оқырманға да өз өтінішін айтты.

“Өзім де үмітімді үзбеймін. Менің бар арманым – үйге кірген кезде баламның “папа” деп жүгіріп шыққаны. Маған ақша, дүние маңызды емес, ақшасыз да өмір сүргенмін. Алдынан баласы жүгіріп шығатын қарапайым отбасы болғым келеді. Мен соны армандаймын және сол арманыма жетуге әрекет етемін. Оқырманнан сұрайтыным, әйелімді қаралай бермеңіздерші. Менің кінәлі екенімді білмейді, бірақ түрлі пікірлерімен шаршатты. Маған біреулердің аянышпен қарағанын қаламаймын, бірақ әйелімнің бұл жерде еш кәнісі жоқ екенін де айтқым келеді”, – дейді Елдос Кәдірханов көз жасына ерік беріп.

Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?