Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Қоғам

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 15.05.2024
Обновлено 15.05.2024 в 04:05
Поделиться
Поделиться

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы құс фабрикасының жұмысын көрді.

Үкімет басшысы «Журавлевка-1» ЖШС-дегі егіс науқанының барысымен танысты. Қазіргі таңда шаруашылықта егістік кешені тұқыммен толтырылып, майлы дақылдарды егу жұмыстары басталды. Серіктестік – Бұланды ауданындағы жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдарының бірі. Шаруашылық тұқыммен және жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Биылғы жаздық егіс алқабы 88 771 гектарды құрайды. Күнбағысқа баса көңіл бөлініп отыр: бұл дақылға шамамен 16 мың гектарға жуық жер бөлінді, оның 4 мыңға жуық гектарына тұқым себілді. Сонымен қатар биыл егістіктерде сұлы, бұршақ, зығыр және рапс өсіріледі. Жалпы алғанда, өңірде көктемгі дала жұмыстары басталып кетті: қазіргі уақытта 510 мың га алқапқа егін егілді.

Мұнда Үкімет басшысының назарына А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы селекция нәтижесінде алынған майлы, бұршақты, мал азықтық дақылдардың сұрыптары ұсынылды. Мекемеде барлығы 105 сұрып дайындалып, Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне енгізілді, қазіргі таңда түпнұсқа тұқым өндірісі 18 дақыл, 50 сұрып бойынша жүргізілуде. Олжас Бектенов ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді қолдану қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Жұмыртқа, сүт өнімдері, құс еті, ұн және мал азығын өндіретін «Ижевский» ӨК бас директоры Тимур Жангуразов отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін арттыру жөніндегі сауалмен жүгінсе, майлы дақылдар өсіретін облыстың ірі кәсіпорны «Журавлевка-1» бас директоры Арман Құдайбергенов дизель отынын есептеу нормативтерін арттыру қажеттігін айтты. Дәнді, майлы дақылдар, етті бағыттағы жылқы және ірі қара мал өсірумен айналысатын «Ен-Дала» ЖШС директоры Тимур Пшенов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді инвестициялық субсидиялау бағдарламасына қатысты сауал жолдады.

Олжас Бектенов көтерілген барлық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіріп, әкімдік пен тиісті министрліктерге аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстауды, оның ішінде ЖЖМ уақтылы тиеп-жөнелту және шаруашылықтарды субсидиялар мен жеңілдікті несиелер түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту жөнінде тапсырма берді. Мәселен, биыл облысқа арзандатылған бағамен барлығы 83 мың тонна дизель отыны бөлініп, егін егу науқаны кезінде диқандардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. Биыл облыс шаруалары топыраққа шамамен 258 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 57%-ға артық. Бұл ретте, Премьер-Министр отандық тыңайтқыштарды сатудың басым бағыты ішкі нарық екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл біз агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемін ұлғайттық. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – көктемгі егісті тиісті мерзімінде әрі сапалы өткізу. Азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттық әлеует осыған тікелей байланысты. Үкімет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Проблемалық мәселелер бойынша әкімдік пен жауапты министрлікті жедел хабардар ету қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының өндірістік процесімен, сондай-ақ қуаттылықты одан әрі арттыру жоспарларымен танысты. Осы жылдың басынан бері құс фабрикасы 18,6 млрд теңгеге 18,7 мың тонна ет өндірді. Цехтарды аралау кезінде әлемдік өндірушілердің жабдықтарын қолдана отырып, инкубациялау, өсіру, сою және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы заманауи технологияларға назар аударылды. Макинск құс фабрикасы құс етін ішкі нарыққа тұрақты түрде жеткізіп отыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өнімді Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейге экспорттайды.

«Үкімет Мемлекет басшысының алға қойған АӨК-тегі қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайту және оны 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі міндеті аясында жұмыс істеп жатыр. Терең өңдеуді дамыту, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қолдау және жаңа кәсіпорындар ашуға жағдай жасау мәселелеріне басымдық беріледі. Отандық өнімдер біздің нарық сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, шетелде де лайықты бәсекеге түсе алуы керек. Жаңа технологияларды интеграциялау маңызды, бұл өнімділікті арттырып, сапаға тікелей әсер етеді», — деген Олжас Бектенов, бұл үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Бүгінгі таңда Макинск құс фабрикасынан бөлек, Өскеменде өз өндірісіндегі құс етінен шұжық өнімдері мен деликатестер шығаратын зауыт жұмыс істейді.  Сондай-ақ Үкімет басшысына Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында өндірістік қуаты 240 мың тоннаны құрайтын құс фабрикасын ашу жоспары туралы баяндалды. Жоба ТМД-дағы ең ірі жоба болады деп жоспарланып отыр. Құрылысты келесі жылы бастау көзделген. Жалпы алғанда, қуаттылықты арттыру елдің құс етіне деген ішкі қажеттілігін толық жабу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, Алматы облысында 100 мың тоннаға құс етін терең өңдеу зауытын салу жоспарда бар.

Биыл өңірдің азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындары 52,6 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3%-ды құрады. 2024-2026 жылдары жалпы құны 123,6 млрд теңгені құрайтын 74 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарда бар. Премьер-Министр жобалардың уақтылы іске асырылуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

ТЕГи: Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Сайт Әкімшілігі 15.05.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?