Беларусь президенті Александр Луашенко қазір қарсыластары елде Ресейдегідей мобилизация болуы мүмкін деген тезис айтып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлады.
Беларусь Республикасында мобилизация болмайды. Ел президенті Александр Лукашенко журналистермен әңгімелескенде осылай деді.
Мемлекет басшысының айтуынша, оның қарсыластары бірдеңеге жабысуға тырысып, Беларусьте де Ресейдегідей мобилизация болады деген әңгімеге жел бітірмекші.
Мобилизация болмайды. Мобилизация жасайтын ойымыз жоқ. Бұл өтірік,
Александр Лукашенко.
Сонымен бірге президент Беларусь ықтимал қауіп-қатерлерге және терроризм жасау әрекеттеріне міндетті түрде жауап беретінін айтып өтті. Бұл үшін әртүрлі оқу-жаттығу халық жасақтарының қатысуымен жүйелі түрде өткізіледі, адамдардың өз міндетін біліп, қажет әскери дағдыларды меңгеруі үшін жүргізіледі.