Беларусьтің Гродно қаласының соты оппозиционер Николай Аутухович пен оның жақтастарына қатысты үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 10-бабы, оның ішінде терроризм, мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға дайындалу бойынша кінәлі деп танылған 59 жастағы Аутухович 25 жылға қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге сотталды. Бұл туралы Радио Свобода хабарлады.
Дәл осы іске қатысы бар 10 беларусь оппозиционері 2,5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, барлығына айыппұл салынады.
Антон Мельчер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда қамауда ұстау мерзімі есептелгендіктен оны сот залында босатты. Аутуховичтің бұрынғы азаматтық әйелі Ирина Горячкина 6 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар 15 жылдан 20 жылға дейін қамауға алынды.
Аутухович сотта өз кінәсін мойындамай, басқа сотталушылардың да кінәсіз екенін мәлімдеді.
Николай Аутухович – Ауған соғысының ардагері, Гродно облысы Волковыск қаласында табысты такси паркін құрушы және Александр Лукашенко режиміне ашық түрде қарсылық білдірушілердің бірі