Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Полиция қызметкерлері қазақтың журналист қызын тыр жалаңаш шешіндіріп видеоға түсірген
Оқиға

Полиция қызметкерлері қазақтың журналист қызын тыр жалаңаш шешіндіріп видеоға түсірген

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.08.2023
Обновлено 14.08.2023 в 11:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Іш киіміне дейін тартып алған.

Ол «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» бабы бойынша айыпталып жатыр.

Танымал журналист Сандуғаш Дүйсенова тергеушілер оны «тыр жалаңаш шешіндірді» деп шағымын айтты. Ол өзін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қалай қорлағанын жайып салды, деп хабарлайды Azattyq ruhy ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысының полициясы Сандуғаш Дүйсенованы 8 сағат изоляторда ұстаған.

Мені 11 тамыз күні тергеуші кешке 17:00-ге шақырған. Ойымда ештеңе жоқ, бара салдым. Үстімнен арыз түскенін айтып, тергеуші сұрақтары барын жеткізді. Арыз түсірген осыдан 1,5 жыл бұрын адам өлтіріп, қашып жүрген адам екен. Сол кезде қылмыскер туралы өзімнің Instagram парақшамда жазған едім. Егер бұл адам туралы ақпарат болып жатса, полицияға хабарласыңыздар деген сарындағы пост салғанмын. Кейін Қызылағашқа барып, видео түсіргенім бар. Қылмыскер қолында 2 жасар баласы бар адамды атқан. Бала да жараланған. Менің бар айыбым сол адамның жеке сәйкестендіру нөмірі жазылған қағазды салуым ғой. Енді түрмеде отырған адам Жетісу облысының прокурорының атына «жеке өміріме қол сұқты» деп арыз жазған,

дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Оны полиция бөлімінде тергеуші тағылған айып ауыр екенін айтып, қамауға алған. Сандуғаш өз кезегінде ешқайда қашып кетпейтінін, ішімдік, есірткіге әуестігі жоқ екенін түсіндіргенімен, полициялар қамауға алған. Кейін тінту жасап, шешіндірген көрінеді.

Тергеушінің кабинетінде үлкен камера тұрған. Сол жерде шешіндірді. Бұл полиция департаменті басшысының қойылған камерасы болса керек. Облыстағы полиция басшысы – ер адам. Менің бала-шағам, немерелерім, күйеу балаларым бар. 55 жастағы әйелмін. Бірақ соған қарамастан, осылай шешіндіріп, қорлық көрсетті. Бұл видео басқа жаққа тарап кетпесіне кім кепіл? Ертең видео тараса, мына Сандуғаштың шешініп тастағаны несі деп біреу айтуы мүмкін ғой. Кейін наркологияға, сосын арақ ішкен-ішпегенін тексеретін бөлімге апарды. Іш киімдерімді тартып алды. Төстартқышсыз ер адамдардың алдында жүруіме тура келді. Масқара жағдай. Мен бірақ айтқандарының бәрін істедім. Қарсылық танытпадым. Намысқа тырыстым. Енді үйге келіп, осынша қорлық көргенім намысыма тиіп жатыр. Сөйтіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Жігіттер ұялды ма, әйтеуір, дұрыс матрас, көрпе-төсегін берді. Ал түнгі 00:40-та үйіме жіберді,

дейді журналист.

Оның адвокаты Ильмира Назырова енді прокуратураға шағым түсіріп, сол күні толтырылған барлық протокол, құжаттарды сұратпақшы.

Айта кетейік, Сандуғаш Дүйсенова «Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» (147-бап) бабы бойынша айыпталып жатыр. Ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шыққан.

Полиция қызметкерлері қазақтың журналист қызын басқа адамдардың көзінше тыр жалаңаш етіп шешіндіріп видеоға түсіргені не сұмдық мынау енді? Намысымыз өлген тірі өліктер еліне айналыппыз біз. Әйтпесе кеудесінде сәулесі бар азаматтар үнсіз қалмас еді мына сұмдыққа.

деп жазды қоғам белсендісі.

Возможно, это изображение текст
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 14.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?