15 қазанда Ресейдің Белгород облысындағы полигонға лаңкестік шабуыл жасалды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 15 адам зардап шеккен. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, полигонда Украинаға соғысқа жіберуге дайындалып жатқан сарбаздар болған. Бастапқыда оқ атқандар ТМД елінің екі азаматы деп мәлімделді. Олар да қарсы атылған оқтан қаза тапты.
Ал бүгін Baza Белгород облысындағы полигонда әріптестерін атып өлтірген Тәжікстан азаматтарының есімдерін жариялады.
Олардың айтуынша, бұл Тәжікстан азаматтары: 23 жастағы Рахмонов Мехроб және 24 жастағы Исхан Аминзод. Олар еріктілер ретінде жұмылдырылып, 11 қазанда полигонға келген.
Қаза тапқандардың арасында әр түрлі аймақтардың өкілдері бар: Цыганов Н., 55 жаста, Рязань; Липин Н., 44 жаста, Лукоянов; Сапкалов А., 28 жаста, Воскресенск; Кириченко В., 52 жаста, Якутия; Агафонов Н., 45 жаста, Нижний Новгород; Тиняков В., 55 жаста, Украина; Грошков Г., 51 жаста, Павлово; Евдощук О., 24 жаста, Вольск; Годунов В., 39 жаста, Североморск; Синицин Д., 36 жаста, Воскресенск; Гафетдинов В., 41 жаста, Волгодонск.
Жалпы «Ішінара жұмылдыру» басталғалы бері Ресейде кем дегенде 14 резервист қайтыс болды — бұл майданға жетпестен, Қорғаныс министрлігінің оқу орталықтары мен әскери базаларында әртүрлі себептерден қайтыс болған адамдар. Қаза тапқандар туралы ақпарат негізінен жұмылдырылғандардың туыстары мен таныстары жүгінетін аймақтық БАҚ-та пайда болып жатыр. Ресей билік бұл оқиғаларға өте құлықсыз түсініктеме береді және кінә негізінен қаза тапқандардың өздеріне жүктеледі.
Кем дегенде 18 жұмылдырылған адам майданға жіберілгенге дейін әскерге шақыру пункттерінде немесе әскери бөлімдерде қайтыс болған. Толығырақ мақаламыздан оқи аласыз.