Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Болашақтың сәулетшілері» (“Архитекторы будущего”) қорын құрушы Марат Әбиевке қатысты үкім шығарды. Деректерге сай ол дақылдардың жылдық өнімі туралы жалған ақпарат таратып, қорының жұмысын таныту үшін петициялар жариялаған.
Соттың баспасөз қызметі Марат Әбиевке азаматтарды заңсыз әрекеттер жасауға итермелеумен байланысты (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған жетекшілік етті деген айып тағылғанын мәлімдеді.
Деректерге сай, 2019 жылы Марат Әбиев ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бұршақ және майлы дақылдарды өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығымен айналысатын компания құрған. 2020 жылдың мамыр-маусым айларында ол Канададан ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын әкеліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы егіс алқаптарына сепкен.
Ал 2020 жылдың тамыз айында қанша өнім болатынын нақты білместен әлеуметтік сілкініс тудырып, азаматтарға өз кәсіпорнының тиімділігі туралы жалған түсінік беру үшін «Болашақтың сәулетшілері» (“Архитекторы будущего”) фильмін түсірген.
Бұл фильмде бидайдың гектарына 35-50 центнерден орасан зор нәтижелері туралы жалған ақпарат бар. Бұл Қазақстандағы түсімділіктен 400 пайызға жоғары. Алайда, 2020 жылы бидайдың нақты түсімі небәрі 11,44 тоннадан 20,4 ц/га-ді құрады. 2020 жылдың қыркүйегінде Әбиев аталған фильмде таратқан ақпараттың жалған екенін түсінсе де оны YouTube желісінде жариялаған,
деді сот.
Сонымен қатар сот дерегінше, кәсіпкер 2020 жылдың қазан айында мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін егістік жер бөлуді сұрап жүгінген. Ол сол кезде ол Канададан әкелінген тұқымдардың Солтүстік Қазақстанға қарағанда 4 есе жоғары өнім әкелетіні туралы әдейі жалған мәліметтерді көрсеткен.
Хабарламадағы деректерге сай, 2021 жылдың қаңтарында Әбиев Қазақстанда 15-тен астам филиалдарын ашып, заңсыз Genezis қауымдастығын (“Архитекторы будущего” қорының) құрған. Осы бірлестіктің қызметі аясында үкіметтен 5 миллион гектар жер беруді талап еткен петицияға қол жинауды ұйымдастырған. Ол 300 мыңға жуық адамды адастырып, петицияға қол қойғызған.
2022 жылы 8 мамырда тегін концерт деген желеумен митинг өткізу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен “Genezis” қауымдастығының мүшелерін Астанаға тартқан. Алайда бұл орындалмады.
2022 жылдың 26 қарашасында Астанадағы түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, «Болашақтың сәулетшілері» фильмін көпшілік алдында көрсеткеннен кейін Әбиев жобасының мақұлдануын Ақордадан талап еткен. Бұл кезде де заңсыз акцияға қатысушылар құқық қорғау органдарымен ұсталған.
Сот мәліметінше, айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен, сараптамалармен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденген.
Сот үкімімен А.ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, 404-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктер құру және басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасына тартылады,
делінген сот хабарламасында.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде балаларының болуын және бұрын соттылығының болмауын ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…