Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Белсенді Марат Әбиевке сот үкімі шықты
Оқиға

Белсенді Марат Әбиевке сот үкімі шықты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 22.08.2023
Обновлено 22.08.2023 в 09:08
Поделиться
Поделиться

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Болашақтың сәулетшілері» (“Архитекторы будущего”) қорын құрушы Марат Әбиевке қатысты үкім шығарды. Деректерге сай ол дақылдардың жылдық өнімі туралы жалған ақпарат таратып, қорының жұмысын таныту үшін петициялар жариялаған.

Соттың баспасөз қызметі Марат Әбиевке азаматтарды заңсыз әрекеттер жасауға итермелеумен байланысты (ҚК 404-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат таратқан қоғамдық бірлестікті құрды және оған жетекшілік етті деген айып тағылғанын мәлімдеді.  

Деректерге сай, 2019 жылы Марат Әбиев ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бұршақ және майлы дақылдарды өсіру, оның ішінде тұқым шаруашылығымен айналысатын компания құрған. 2020 жылдың мамыр-маусым айларында ол Канададан ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын әкеліп, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы егіс алқаптарына сепкен. 

Ал 2020 жылдың тамыз айында қанша өнім болатынын нақты білместен әлеуметтік сілкініс тудырып, азаматтарға өз кәсіпорнының тиімділігі туралы жалған түсінік беру үшін «Болашақтың сәулетшілері» (“Архитекторы будущего”) фильмін түсірген. 

Бұл фильмде бидайдың гектарына 35-50 центнерден орасан зор нәтижелері туралы жалған ақпарат бар. Бұл Қазақстандағы түсімділіктен 400 пайызға жоғары. Алайда, 2020 жылы бидайдың нақты түсімі небәрі 11,44 тоннадан 20,4 ц/га-ді құрады. 2020 жылдың қыркүйегінде Әбиев аталған фильмде таратқан ақпараттың жалған екенін түсінсе де оны YouTube желісінде жариялаған,

деді сот.

Сонымен қатар сот дерегінше, кәсіпкер 2020 жылдың қазан айында мемлекеттік органдарға өз компаниясының жобасын жүзеге асыру үшін егістік жер бөлуді сұрап жүгінген. Ол сол кезде ол Канададан әкелінген тұқымдардың Солтүстік Қазақстанға қарағанда 4 есе жоғары өнім әкелетіні туралы әдейі жалған мәліметтерді көрсеткен.

Хабарламадағы деректерге сай, 2021 жылдың қаңтарында Әбиев Қазақстанда 15-тен астам филиалдарын ашып, заңсыз  Genezis қауымдастығын (“Архитекторы будущего” қорының) құрған. Осы бірлестіктің қызметі аясында үкіметтен 5 миллион гектар жер беруді талап еткен петицияға қол жинауды ұйымдастырған. Ол 300 мыңға жуық адамды адастырып, петицияға қол қойғызған.

2022 жылы 8 мамырда тегін концерт деген желеумен митинг өткізу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен “Genezis” қауымдастығының мүшелерін Астанаға тартқан. Алайда бұл орындалмады.

2022 жылдың 26 ​​қарашасында Астанадағы түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, «Болашақтың сәулетшілері» фильмін көпшілік алдында көрсеткеннен кейін Әбиев жобасының мақұлдануын Ақордадан талап еткен. Бұл кезде де заңсыз акцияға қатысушылар құқық қорғау органдарымен ұсталған.

Сот мәліметінше, айыпталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен, сараптамалармен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

Сот үкімімен А.ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында, 404-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктер құру және басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасына тартылады,

делінген сот хабарламасында.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде балаларының болуын және бұрын соттылығының болмауын ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Анара Бауыржанқызы 22.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды

04.10.2023
Жемқорлық

Бурабайдағы казино заңсыз 4,6 млрд ақша тапқан

04.10.2023
Оқиға

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген

04.10.2023
Оқиға

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

04.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?