Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Белсенділер Шамиль Аляутдиновтың Қазақстанға келуіне тыйым салуды ұсынып жатыр
Қоғам

Белсенділер Шамиль Аляутдиновтың Қазақстанға келуіне тыйым салуды ұсынып жатыр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 09.11.2022
Обновлено 09.11.2022 в 11:11
Поделиться
Поделиться

Айтуынша,  Аляутдинов Украинадағы қырғынды қолдап, дінді бұрмалаған.

Астаналық сарапшылар клубының атқарушы хатшысы Асқар Жапаров Facebook парақшасына пост жариялап, Шамиль Аляутдинов желтоқсанда бизнес-форумда «Өзіңнің үздік нұсқаң» тақырыбымен сөз сөйлеуге келмек ниетте екенін жеткізген. Және ел болып, жұрт болып, оның елге келуіне қарсы тұруға шақырды. Себебі ресейлік ментор Украинадағы қырғынды қолдайды.

«Ол Украинадағы жаппай қырғынды қолдайды. Біз осындай үздік нұсқаға лайықпыз ба? Оның Қазақстанда бітіретін шаруасы жоқ. Ұйымдастырушылар Аляутдинов еліме келуге тұрарлықтай емес екенін білуі керек. Біз мұндай оңбағанның келуіне шыдай алмаймыз»,

деп жазды Асқар Жапаров.

Ал кәсіпкер, қаржыгер және қоғам белсендісі Бақыт Ниязов Шамиль Аляутдиновтың дінді бұрмалайтынын алға тартты. 

«Бұл туралы бұрыннан жазып келемін. Мен мұның нәтиже беретінін білемін, себебі квази-діни инфо-сыған Шамильдің билеттері аз сатылып жатыр. Ал онымен ойлану қабілеті жоқ адамдар бірге суретке түседі. Бізге оның Қазақстандағы «тамырын кесуіміз керек». Бірнеше кітапты онымен бірге жазғандықтан менің кез келген контентімді семинарларында қолдануға тыйым салғанмын. Бұл Украинадағы соғысты қолдаған соң орын алды»,

деп пікір жазды ол. 

Кәсіпкердің сөзінше, өз кезегінде Қазақстандағы мұсылмандар басқармасы Шамиль Аляутдиновтың тренингтеріне тыйым салған. 

«Бұл дұрыс болды, бірақ ол кезде біз мұны түсінбедік. Қазір уақыты келді. Шамиль Мухоряповтан да қауіпті. Себебі ол дінді бұрмалайды, адамдарды өлтіруге шақырады. Бұл барып тұрған экстремизм. Қоғам ұйымдастырушыларға қысым көрсетуі керек», – деп түйіндеді ол. 

Шамиль Аляутдинов деген кім?

Stan.kz порталының мәліметінше, Шамиль Аляутдинов – Ресейдегі діни қайраткер, имам және Ислам және кәсіпкерлікке қатысты бірнеше кітаптың авторы, Құранды орыс тіліне аударған. 2019 жылы ол Ресейдегі ең ықпалды мұсылмандардың жүздігіне еніп, 10-орынға тұрақтаған. Ал 2012 жылдан бері ол өзінің авторлық «Триллионер» жобасын жүргізеді. Жоба аясында ол бизнес тақырыбында кітаптар жазып, Ресей және ТМД елдерінде бизнес-форумдар өткізеді. 

Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталған уақытта Шамиль Аляутдинов өз Instagram-парақшасында видео жариялап, Ресей нарығының құлдырауына қуанышын білдірген. 

«Қандай сома екенін менен сұрамай-ақ қойыңыздар. Мен Ресейдегі бағалы қағаздарды сатып аламын», – дейді ол видеода. 

Дегенмен көпшілік бейбіт халықтың қаны төгілген уақытта имамның пайданы көздегенін сынға алып, түрлі пікір қалдырған. Кейін Аляутдинов тағы бір видео жариялап, кешірім сұраудың орнына наразы топты «инвестициялық портфелі жоқ қалың тобыр» деп атаған. 

«Сонда менің жылауым керек екен ғой. Қазір Таяу Шығыста қандай соғыс болып жатқанын білесіздер ме? Босқындар ше? Сирия, Ливан мен Иракты қанша рет бомбалады? Бұдан не шықты?»

дейді Шамиль Аляутдинов. 

Сонымен қатар имам өз уағызында Украинадағы жағдайды «қару-жарақ сататын компаниялардың қызығушылығынан туындады» деп айтқан. 

«2003 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен кейін америкалықтардың Иракқа, кейін Ливияға, Сирияға басып кіргенін ұмытқан сыңайлы. Соңғы 30 жылда Кавказ бен Таяу Шығыс болды, енді оқиға Украинада да жалғасын тапты. Қазір жоғарғы деңгейдегі саясаткерлердің қаніпезерлігін көріп отырмыз. Оларды билікке қару-жарақ компаниялары алып келді. Бұл компаниялар мемлекеттен миллиардтаған доллар мен еуроға тапсырыс беруді талап етіп отыр. Еуропа Украинаға 1 миллиард 200 миллион еуроға көмек бөлді. Алайда Украина көмектің орнына ескірген қару алады. Батыс әлемдегі кезекті аймақты бұзуды бастады», – деп мәлімдеді ол.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 09.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?