Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде бензин мен дизель қоры тек 2 аптаға жететінін мәлімдеген еді. Оның айтқанын министрлік түсіндірді.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорларды толықтыру процесі — тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.
Өндірілген мұнай өнімдерінің, мұнай базаларындағы және жолдағы көлем күн сайынғы қор саналады.
Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз — толықтырылып отыратын көлем саналатын индикативтік көрсеткіш. Аталған күндердің (министр айтқан 14 және 13 күн — ред.) өткені мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтынын білдіретін көрсеткіш/фактор емес. Жоғарыда айтылғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесі тоқтамай, штат режимінде жұмыс істеп тұратынын ерекше айтып өтеміз,
делінген хабарламада.
23 тамыздағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, елдегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензині жиынтық қоры — 183,3 мың тонна, ал дизель отыны қоры — 221,7 мың тонна.
Еске салайық, 23 тамыздағы үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин қоры 14 күнге, дизель қоры 13 күнге жететінін мәлімдеген еді.