Бензин мен дизель 2 аптадан соң таусыла ма? Министрлік түсіндірді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде бензин мен дизель қоры тек 2 аптаға жететінін мәлімдеген еді. Оның айтқанын министрлік түсіндірді.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорларды толықтыру процесі — тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылатын процесс.

Өндірілген мұнай өнімдерінің, мұнай базаларындағы және жолдағы көлем күн сайынғы қор саналады.

Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз — толықтырылып отыратын көлем саналатын индикативтік көрсеткіш. Аталған күндердің (министр айтқан 14 және 13 күн — ред.) өткені мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтынын білдіретін көрсеткіш/фактор емес. Жоғарыда айтылғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесі тоқтамай, штат режимінде жұмыс істеп тұратынын ерекше айтып өтеміз, 

делінген хабарламада.

23 тамыздағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, елдегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензині жиынтық қоры — 183,3 мың тонна, ал дизель отыны қоры — 221,7 мың тонна.

Еске салайық, 23 тамыздағы үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин қоры 14 күнге, дизель қоры 13 күнге жететінін мәлімдеген еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago