Нұртас Адамбай рөлге кіріп кеткен бе?

Белгілі шоумен, актер Нұртас Адабай «Базз Лайтер» мультфильмі төңірегінде шулы оқиғамен есте қалған еді. Бұл жеңісі актерге күш берсе керек. Енді ол өз аудиториясын білім ошақтарында орамал киюге рұқсат беруге үндеуді бастады. Тіпті петиция жариялап, қол қоюға шақырып отыр.

Басынан бастайық. Танымал кино актері Нұртас Адамбай «Базз Лайтер» мультфильміне тыйым салу керек деген бастама көтерген еді. Ол өз талабын республика президентіне жеткізгісі келді. Бұған мультфильмдегі төрт секундтық эпизод себеп болды. Онда бір қыз бала екінші қыздың бетінен емес ернінен сүйеді. Алайда бұл көріністе тұрған ешнәрсе жоқ деп халық шулады. Тіпті оның «Келинка Сабина» фильмі сұмдық сынға ұшырады. Не керек, түбінде Адамбай жеңіске жетті. Жаңа туынды Қазақстанда прокаттан алынды. Кейін актер өзінің Facebook парақшасында «Тор: махаббат пен найзағай» фильмі туралы жазба жариялады:

Қандай негізінде бұл фильмге лицензия берілген? Менің ойымша, Бас прокуратура бұл мәселені тексеріп, реттеуі керек. Фильмнің прокатқа шығармау қажет. Біздің елдегі заңдар күшін жойған жоқ. Биылғы жылды Президент Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Менің ойымша, бізге мұндай өрескел насихатқа мемлекеттік деңгейде заңнамалық түрде тыйым салу қажет.

Бұл жағдай да кейбір қазақстандықтардың ашуын шығарған еді.

Бір сағат бұрын Адамбай өзінің Instagram парақшасында жаңа пост жариялады.

«Біздің елде заң бойынша дін ұстану еркіндігі бар. Мектеп оқушысы орамал таққысы келсе, ол оның Алламен қарым-қатынасы. Оның арасына түсуге болмайды», – деді Адамбай.

«Мектептегі имандылықты сақтап қалайық» деген жариялама 500-ге жуық пікір жинап үлгеріпті. Көпшілік екі ойға бөлінді. Басым бөлігі актерды даттап, азы ғана жақтап отыр:

Одан бөлек, петицияда қоғамдық құндылыққа сай келмейтін элементтері бар киімді киюге тыйым салу ұсынылған.

Билік өкілі бұл жолы қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Аты шулы мультфильмнің оқиғасын қайталамасына кім кепіл? Не болса да маңызды құндылықтарымызды жоғалтпасақ болғаны.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago