Депутат Ринат Зайытов мемлекеттік қызметпен қатар беташарға шығуы мүмкін екенін айтады. Сөзінше, жалақысы отбасын асырауға жетпейді.
Жасырмаймын алатын айлығым қолыма 800 мың теңге. Ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Өйткені үлкен қызым қазір оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады.
Беташар ол бекітілген бір бизнес емес қой. Табаққа біреу мысалы 200 теңге, біреуі 500 теңге салуы мүмкін. Ол сенің алатын көрімдігің ғой. Атаңнан қалған ырымың. Материалдық тұрғыда көп көмегі тиеді. Мен оны шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын. Иә, барамын. Ол бет ашқаным үшін берілетін көрімдік, кейде бермей қалуы да мүмкін. 70 мың теңге, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін. Ол да бұйыртқанына байланысты,
дейді Ринат Зайытов.
Ақын айтысқа шығудан да бас тартпайтынын жеткізді. Алайда мемлекеттік қызметтегі уақыттың тығыздығынан шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік болмай жатқан көрінеді.