Атақ және ақша

«Беті бүлк етпейді». Еспановтың ұлы әкесінен асып түсті

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қыздарға интимдік сипатта хат жазып, басы дауға қалған.

Енді ол жұмыс істейтін оқу орны еңбек шарты бұзылғанын мәлім етті, деп хабарлады El.kz.

Танымал әншінің блогер баласы желіде қызға қырындаймын деп бейәдеп әңгіме айтқан. Онда ол жыныстық қарым-қатынасқа үгіттеген сөздер жазған. Осыдан кейін Олжас Еспановтың парақшасы бұғатталған.

Олжас Еспанов жұмыс істейтін Сүлеймен Демирел университетінің ұжымы да бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Әлеуметтік желіде СДУ қызметкеріне қатысты келеңсіз оқиға болды. Бұл жағдай университеттің ішкі тәртібіне сай келмейтінін бәріміз білеміз. Сондықтан қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Айта кетейік, Олжас Еспанов педагогикалық бағытта жұмыс істемеді. Әкімшілік бөлімге қарайтын, баспахананың қызметкері болды. СДУ университеті сапалы білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. СДУ қызметкерінің тарапынан осындай келеңсіз жағдай болғанына өкінеміз,

делінген ресми ақпаратта.

Ал Еспановтың ұлы өзі туралы таралған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның болғанын жоққа шығармады.

Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз,

деп ақталды Олжас.

Айта кетейік, Олжас Еспанов өзінің басынан өткерген оқиғасын арқау етіп, «Ол – жас махаббат» кітабын жарыққа шығарған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago