Ғылым

Дым істеуге рұқсат жоқ. Біздің ел қалай дамиды?

Қазақстанда бюджетке кірістің аздығын айыппұл өсіру мен әртүрлі алым-салықты көбейту арқылы толтыру ғана көзделіп жатқандай. Баяғы патша өкіметі мен кеңес заманының алғашқы жылдарындағы түтін салығы, жан салығы, мал салығы, егін салығы деген сияқты, әйтеуір, айналып келгенде қара халыққа салмақ салу. Ал ол халықтың қысқа жібі күрмеуге келмей тұрғанда, үсті-үстіне үйілген алымды қай ақшасымен (малымен) жабады?

Біз, жалпы,

70 жыл Кеңес құзырында болып, өте көптеген технологиялық прогрес уақытында ұйықтап қалған халықпыз ғой.

Айта-айта жауыр болса да, анығы сол.

Жаңа технология, ІТ саласын алайық. Web 1.0 кезеңінде біз болған жоқпыз. Пейджер кезеңінің шет жағасын көргенімізбен, тұтас халық ретінде оны қолданбадық. Web 2.0 кезеңінің қарқын алған кезеңінің шетін көрдік те, оны игереміз деп жатқанда, бірден мобайл заманға өтіп кеттік. Құдды бір капитализмнен аттап өтіп, феодалдық дәуірден коммунистік дәуірге топ ете түскендей сәтті бастан кешірдік.

Емайл заманын мүлдем білмейтініміз соншалықты, мессенджерлер этабына шоңқиып түскенімізден, әу бастағы мессенджер МайлРу Агентті сайтымыз бар деп жүрдік. Сондықтан да емайл арқылы хабарласу, емайл жазу мәдениеті дегенді де білмейміз. Тіпті, осы күні барлығы смартфон ұстағандықтан, Айфонда да, Андройд құрылғыларда да, міндетті түрде, емайл акаунт болатынын да білмейміз. Оны дүкендегі біреу тіркеп берген, өзі ол аккаунтындағы емайл қандай екенін де білмейтіндер жетіп артылады.

Компьютер заманын біз көре қалғанымызбен, қазіргі ұрпағымыз оны да білмейді. Өйткені, туғаннан көргені планшет пен смартфон. Қайта біздің заманымызда әрбір студент Уорд, Эксель, Пакер Пойнтты жақсы білетін, қазіргілер мобайлға жатып алған.

Мұның барлығын айтып отырғаным,

біз технологиялық дамыған құрылғылар мен сервистерді қолдану үшін, өзге дамыған елдер сияқты этап бойынша, эволюция бойынша емес, секіріп-секіріп, соңғы технологияны қолдануға мәжбүрміз.

Өйтпеске тағы амал жоқ.

Алайда, мұның бір кемшін тұсы және осы жерде біздің мемлекеттің өте қате ұстанып отырған саясаты бар. Ол – халықтың өнертапқыштық, шығармашылық, ізденімпаздық шеберлігіне тұсау салып, әлдеқашан дамып кеткен елдердің стандарттарымен жүруі. Ол не деген сөз?

Қарапайым салыстырмалы түрде айтсам, мен кедеймін, сіз байсыз. Сіз бай болғандықтан, тек қана теңіз капустасын жеп, кокос суын ғана тұтынасыз. Әр демалысыңызды Дубайда не Тайландта, сондай-ақ, мен тіпті атын да білмейтін аралдарда өткізесіз. Ол арал өз атыңызда болуы да мүмкін. Қонақ шақырғанда, міндетті түрде, кейтериң қызмет пайдаланып, мейрамхана тамағын ұсынасыз. Жан-жақтағы келіндерді жинап, біреуіне бауырсақ пісіртіп, екіншісіне ішек-қарын аршытып қою дегенді ұмытқансыз. Өзіңіз бен жұбайыңызды айтпағанда, ұл-қызыңыздың әрқайсысында бір көліктен, әр қалада бір үйіңізден бар. Осылай кете береді.

Мен енді кедей адам ретінде сізге ұқсағым келеді. Өйткені, ұят па, басқа ма білмедім. Сөйтемін де осы бай адамның стандартымен өмір сүремін. Табысым сол баяғы. Алайда, талабым бай адамдікімен бірдей.

Біздің мемлекет те дәл осы принципті ұстанған. Дамыған елдердің автомобиль өндірісіндегі, басқа да индустриядағы әлемге таңып отырған стандарттарын ұстанады. Солайша, дамыған елдердің ойынымен жүргісі келеді. Алайда, олар барлығын жасап болып, енді сол стандарттар арқылы ғана келесі этапқа өтіп жатқанымен шаруасы жоқ.

Қытай қалай дамыды?

Ол АҚШ пен Еуропаның стандарттарына «Түкіргенім бар!» деген стандартпен дамыды. Оның жаңа технология мен автомобиль өндірісіндегі жарқын мысалы – өндірістік тыңшылық һәм ұрлық.

Екінші дүниежүзілік соғыс бітіп, екі әлем қырғиқабақ соғысында болғанда, барлығы бір-бірінен ұрлаған. Тура мағынада. Атом энергиясын дамыту? Бір-бірінен ұрлаған. Жаңа баллистикалық зымыран жасау? Бір-бірінен ұрлаған. Лазерлік технология? Бір-бірінен ұрлаған. Ғарышты игеру? Бір-бірінен ұрлаған. Солай кете береді.

Дәл сол тактиканы Қытай да қолданды. Осы заманда, осы күндері. Өйткені, еңсесін соңғы 20-30 жылда тіктегендіктен. Смартфон жасау? Ұрлады. Автомобиль өндірісі? Ұрлады. Халқына жертөлелерде жатып алып, ұрлық болса да бір нәрсе жасап шығаруға, тіпті оны сатуға мүмкіндік берді. Қазіргі ұрпақ білмейтін болар, бірақ Абибас пен Момтана деген спорттық киімді бәріміз кидік. Ал осы күні Қытайдың жеңіл өнеркәсібі мен киім өндірісі әбден жетілді.

Бізде қалай?

Бізде дым істеуге рұқсат жоқ. Халықаралық заңды бұздың, авторлық заңды бұздың, бірдеңе жасасаң, оған сертификат алу керек, техбақылаудан өткізу керек, тағы сол сияқты тыйымдар мен кісендер өте көп.

Мәселен, бір автомобиль жасап көріңіз де үлкен көшеге айдап шығыңызшы? Техникалық қауіпсіздікке сәйкес келмейді, еуро-4 заңдылықтарына қайшы, мынаның фары жоқ, белдік жоқ, сертификатталмаған, тағысын-тағы деп адымыңызды аштырмайды. Ал дамыған елдер, әлдешақан, ол этаптан өтіп, белдіксіз де, қауіпсіздік жастығынсыз да, жарықсыз да, сигналсыз да көлік жасап, жүргізіп, сынақтан өткізіп, әбден жетілдіріп алып барып, қауіпсіздік стандарттарын кейін енгізген.

Мен біздің халықтың шығармашылық, инженерлік, өнертапқыштық потенциалына қатты сенемін. Тұншығып жатыр. Біздің билік бір сәт әлемдік стандарттарды қоя тұрып, өз халқының қолдан бірдеңе жасап шығуына уақыт пен мүмкіндік берсе деймін.

Тіпті, дамыған АҚШ-тың өзінде халық көшеге гаражда жасаған экспериментал дүниесін жүргізе береді. Сондықтан да әрдайым бірдеңе жасалып жатады. Бізге де сондай қолдан жасалған бұйымдар мен технологияны жасауға жаппай рұқсат берілсе, бәлкім саннан сапа шығар ма еді. Әйтпесе, Әпіл Самсунгтен, Самсунг Нокиадан, анау-мынадан ұрлап-ұрлап, басқа елдердің барлығы жетіліп алды ғой, әлдеқашан. Неге тек бізге келгенде барлығы халықаралық стандарт, лицензия, пәлен-пәштуан бола қалу керек?

Нәтижесін Қытайдан қарап алыңыздар. Автомобиль өндірісі мен электромобиль сату жағынан АҚШ-ты да базып озған сияқты. Бірнеше жыл Айфон жасап беріп жүріп ұрлап, Оппо, Шаоми, Виво, Хуавей сияқты бірнеше смартфон жасап тастады. Тіпті жақында шыққан Хуавей смартфонында әлемге әйгілі Куалком процессорынан да (Оларға Қытайға сатуға тыйым салған еді АҚШ) қуатты өздері жасап шыққан микропроцессор енгізген. Соған АҚШ-тың масс медиасы 2 ай шулады. Олар қалай жасап ала қойды деп. Гуччи-муччилерді ұрлап жүріп, енді өз брендтерін енгізіп жатыр.

Жұрттың қолынан келетін өнер біздің халықтың да қолынан келеді. Тек, еркіндік беру керек.

Күші келмейтін, елдің дамуын тежейтін стандарттарға байланып қалмау керек.

Технология жасауда бір жетістікке жетейік. Өндірісіміз дамысын. Стандарттар мен халықаралық бірдеңелерді сосын барып қатырып аламыз, өзіміз-ақ.

Сіздер қалай ойлайсыздар? Әлде, қателесем бе?

Timur Bektur

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago