Categories: Спорт

Бибісара Асаубаева атақты гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан «Шахмат жұлдыздары» (Шахматные звезды) халықаралық турнирінде сенсация болды. Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жарыстың басты фавориті Сергей Карякинді жеңді. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ресейлік спортшы әлемдегі ең мықты гроссмейстерлердің қатарына кіреді. Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бірден байқалады, себебі ол Сергейдің керемет қорғанғанына қарамастан, жеңіске жетті.

Өз кезегінде ресейлік спортшы жеңілісі үшін еш ұялмайтынын айтты.

Мен мықты ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым,

деді Сергей Карякин.

Айта кетейік, жарыстың жүлдесі — 15 миллион рубль (99 926 868,12 теңге). Қомақты жүлде қорына Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно күресіп жатыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago