«Біріксек — күшпіз»: қазақстандықтар үш ресейліктің келуіне қарсы тұра алды

Өткен аптада қазақ аудиториясы қандай тақырыптарды талқылады?

Өткен аптада ресейлік пикапер және блогер Алекс Лесли қазақ жұртшылығын әбден әбігерге салды. «Барлық қазақ қызын итереміз» деп, қазақ қыздарын қалай арбау керегін үйретпек болған пикапердің мәлімдемесі қоғамда дүмпу туғызды, «Келсе болды, аяқ-қолын сындырамыз» деген хабарламалар жазыла бастады. Алматы ІІМ Алекси Леслиге бір жылға келуге тыйым салуға мәжбүр болды. Алайда Алекс Лесли қазақстандықтарды одан бетер ызасын туғызатын мәлімдемелерді жариялауды жалғастырды. Ол Instagram стористерінде Алматыға ұшып келе жатқанын, әуежайда багажын күтіп тұрған видеоларды жариялады. Боксшы Жаңқош Тұраров Лесли Қазақстанға келе қалса қазақ қыздарының намысын таптатпайтынын мәлімдеді. Алайда пикапердің видеолары фейк болып шықты. Ол басқа біреулердің видеосының үстіне дауысын жаза салған.

Ресейлік дінтанушы Шамиль Аляутдиновтың да Астанадағы тренингке спикер ретінде келмеуіне қазақстандықтар жабылып жүріп ат салысты. Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларына дінтанушының Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын қолдауы ұнамаған. Қазақстандықтар Аляутдиновтың Instagram парақшасына шабуыл жасап, «фашист» деген сынайдағы пікірлер қалдырған. Аляутдинов ұнамсыз пікірлерді өшіріп, хейтерлерді банға қанша тыққанымен, қоғамдық дүмпу басыла қоймады. Аяғында ол Астанаға бармауды жөн көрген. Мұны мәлімдеген видеосы да елдің талқысына түсті. Себебі онда дінтанушы «хейтерлер біртіндеп шіріп өледі» деп мәлімдеген. Жұрт дін өкілінің бұл өктемдігіне қайран қалды. Барынша актерлік шеберлігімен көркемдеуге тырысқан мәлімдемесін көпшілік теріс қабылдады. Айтуларынша, Аляутдиновке тренинг емес, театрда ойнау керек.

Айта кету керек, бұған дейін қазақстандықтардың жаппай наразылығанан кейін ресейлік арнайы операцияны ашық қолдаған әнші Полина Гагаринаның келесі жылдың ақпанына жоспарланған Алматыдағы концерті болмайтын болды.

Өткен аптада Астанадағы көппәтерлі үйлердің бірінен шыққан өртте адамдарды құтқару барысында 80% күйік алып, жансақтау бөліміне түскен өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ерлігі елді тәнті етті. Ел болып, жұрт болып Асқардың тезірек оңалып кетуін тіледі, жанашыр жұрт отбасына көмек қаражатын жинай бастады. Алайда батыр жігіт аурухана қабырғасында жан тапсырды. Ерлікпен қазақ тапқан жас жігіттің отбасына халық қайғыра көңіл айтып жатыр.

Және, әрине, өткен аптаның басты тақырыптарының бірі – елдегі мерзімнен тыс президенттік сайлау. Кей блогерлер халықты жаппай сайлауға қатысуға шақырып жатты, дегенмен сайлауды цирк дегендердің саны басым болды. Көпшіліктің айтуынша, нәтижесі алдын ала белгілі сайлауға миллардтап ақша жұмсаудың еш қажеті жоқ еді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

13 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

21 час ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

21 час ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago