Олар түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Нағыз шу басталатын уақытта тәтті ұйқыда жатады.
Билігі бар, тірлігі жоқ.
Жақында қалдырып кеткен көліктердің сұрағы бойынша шақырғанмын, әлгі участкелік полция қызметкерлерін. Ол көліктерді талан-таражға салып тастаған баяғыда.
Мен не істей аламын,
дейді ол.
Біздің аумақта бақандай үш участкелік пункт бар.
Кешкісін аулада қаңғырып жүретін жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізіңіздер. Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Айыппұлдың қажеті жоқ, тек сөйлесіп қойсаңыздар…
Видеоға түсіріп жіберіңіз, кейін сөйлесеміз, дейді жазған.
Әңгіме басқада екенін түсінбейді де, ойына кіріп те шықпайды.
Ал анау Шымкенттің өзге гүлге құмар полиция қызметкерінің беті бүлк етпеді де. Айтпақшы, ол бұрын да кафеге барып, ішіп-жегені үшін ақшасын төлемей кеткен екен. Сол қолындағы билігін құмары қанғанша қолданып келген ғой.
Осындайлардың екі аяғын бір еттіке тығып, елден қуу керек. Олармен қоса қылмыскерлер мен жемқорларды да.
деп жазды журналист Алексей Алексеев.