Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Билік ауыл тұрғындарына не жақсылық жасады?
Маңызды

Билік ауыл тұрғындарына не жақсылық жасады?

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 24.11.2022
Обновлено 24.11.2022 в 12:11
Поделиться
Mangistau region. Kazakhstan.
Поделиться

Қазақстанда халықтың 40%-ы ауылда тұрады, дейді Finprom.kz сарапшылары.

Ауылдағы үй шаруашылықтарының 51,6%-ның үйінде, 23,1%-ның үйден тыс жерде су бар. Ауылдық үйлердің тек 43%-ы желілік газбен, 53,9%-ы баллондағы сұйытылған газбен қамтамасыз етілген. Ауылдық үй шаруашылықтарының тек 6,3%-ы орталық кәрізбен, 66%-ы басқа кәріз түрлерімен қамтамасыз етілген.

Ыстық сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері де көп көңіл көншітпейді: ауылда орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау іс жүзінде жоқ, үй шаруашылықтарының 62,5%-ы ғана жеке су жылытқыштарын пайдаланады. Ауылдағы қоқыстарды жинау және шығару көрсеткіштері де айтарлықтай төмен — үй шаруашылықтарының 49,1%-ы пайызы ғана осындай қызметпен қамтылған.

Тіпті әрбір қазақстандық отбасы үшін негізгі ақпараттық-ойын-сауық ресурсы — телевизия да баршаға қолжетімді бола бермейді. Мысалы, ҚР-ның ауылдарын спутниктік теледидармен қамтамасыз ету 64,1%, кабельдік — 7,1%, жерүсті — 37,3%.

Бір қызығы, Қазақстан ауылдарындағы ең жақсы жағдай мобильді интернетпен байланысты: ауыл тұрғындарын дүниежүзілік желіге қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоғары деңгейде. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы үй шаруашылықтарының 90,6%-ы мобильді интернетпен қамтамасыз етілсе, 2020 жылмен (84,9%) салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалады. Сонымен қатар, 2021 жылы әлем үшін өте типтік емес жағдай қалыптасты — қазақстандық ауылдардағы мобильді интернетпен қамтамасыз ету қалалық жерлерден жоғары болды: 86,4%-бен салыстырғанда 90,6%.

Тұрғындарды мобильді интернетпен ҚР-ның үш байланыс операторы қамтамасыз етеді: Kcell, Tele2/Altel және Beeline.

Ауыл тұрғындарын интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етудің мұндай жоғары деңгейі қолдау шаралары мен салаға инвестицияның артуына байланысты.

Ұзақ мерзімді динамика бойынша ақпарат және байланыс секторындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең көп көлемі 2020-2021 жылдарға түсті: тиісінше 140,9 млрд және 128,6 млрд теңге.

Биылғы он айдың қорытындысы бойынша инвестиция 112,8 млрд теңгені құрап, бір жылда 16,9% өсті.

Азаматтарды интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды бағдарламалардың бірі — «250+». Бағдарлама 250 және одан да көп тұрғыны бар ауылдарда жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін инфрақұрылым құруға бағытталған. «250+» жобасының негізгі мақсаты қала мен ауыл тұрғындары арасындағы цифрлық алшақтықты жою және ауыл тұрғындарының заманауи байланыс құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болды. Бағдарлама ұялы байланыс операторларының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Мысалы, 2020-2021 жылдары Kcell ұялы байланыс операторы 250 және одан да көп тұрғыны бар 1423 ауылдық елді мекенді мобильді кең жолақты интернетке қосса, оның ішінде бағдарлама аясында 433 елді мекен қосылды. 2021 жылы Kcell 250-ден астам халқы бар еліміздің 213 ауылын интернетке қосты, соның 110-ы міндеттеден артық орындалғаны.

2022 жылдың соңына дейін Kcell тағы 360 ауылды байланыс және интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Компания «250+» лицензиялық жағдайлардан асатын жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері 46 ауылда желі жаңартылды — ауыл тұрғындары қазір LTE технологиясын пайдаланады. Компания қазіргі қамтуды жақсартуды және Қазақстанның 60 ауылында жаңа базалық станцияларды орнатуды жоспарлап отыр. Жалпы, 2020 жылдың басынан бері Kcell 1,2 млн-нан астам ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етті.

Жалпы, еліміздің ұялы байланыс нарығының ойыншылары үшін шағын ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету, шын мәнінде, желіні құру және оның қызмет көрсетуі мен өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін тұрақты инвестиция және ол инвестиция ешқашан өзін өзі ақтамайды. Барлық іс-шаралардың негізгі мақсаты — тұрғылықты жеріне қарамастан ҚР азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Айдын Қайнарұлы 24.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?