Мемлекеттік қызметті пайдаланатын қазақстандықтардың (дені қазақтар дей беріңіз), бесеуінің үшеуі «тілді таңдаңыз» дегенде, «русскийді» таңдайды екен.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің зерттеуінше, екі астананы қосқанда, Қазақстанның 17 өңірінің 9-ында халықтың өзі орыс тіліне таңдау жасайды. Ешкім оған мәжбүрлемесе де.
Осы мәселе төңірегінде тіл белсендісі Жалғас Ертай «CoolTòbe» жобасында толғанған екен. Ол былай дейді:
Кез-келген мемлекеттік органның, тіпті мәжілістің отырыс-жиындары тікелей эфирден көрсетілсе, видеоның астында жазылатын жүз комментарийдің кемінде 30-40-ы тіл туралы жанайқай. Проблема неде? «Сен менің тілімде сөйлемей жатып, менің проблемамды қалай шешпексің», деген жауапсыз сауал. Билік өз халқының тілінде сөйлемесе – ол колонист. Ол колонистік позициядан бақылайды, сондай позициядан баға береді және сондай көзқараспен шешім қабылдайды. Демек, біз неоколонистік формада өмір сүріп келе жатырмыз әлі күнге дейін.
Біздің қоғамның санасында «менің пәленше құжатты қазақша сұрауға құқығым бар екен-ау» деген ой жоқ. Біздің халқымыздың басым көпшілігі әлі күнге дейін ескі колонистік парадигмада өмір сүреді. Себебі – билігіміз орысша сөйлейді, орысша жүріп-тұрады. Тіпті сорақысын айтайын, билігіміз – Мәскеу деген оймен өмір сүреді.
Былтыр мынадай статистиканы байқағам, Алматы қаласындағы ЦОН-дар құжат-қағаздардың 71 пайызын орысша қабылдайды, 29 пайыз құжатты қазақша алады екен. ЦОН-ға барсаң, саған бірінші орысша қағаз ұсынады. Қазақшасын сұрасаң, оны таппай қалады да, «орысшасын толтыра салыңызшы», дейді. Сен де қояр да қоймай, жоқ, орысшаны толтырмаймын деп, қазақшасын талап етсең, әйтеуір іздеп барып бір жерден тауып келеді қазақшасын. Қазақша құжат толтырылды деп солар кіреді әлгі статистикадағы 29 пайызға. Сол 29 пайыз халық – қаһармандар! Алдындағы кедергілерден өтіп, ерлік жасап, 29 пайызға жетіп отырғандар. Алматыда.
Мен Түркістанның адамымын, ол жерде орыстар қазақша сөйлейді. Ешкім орысша білмейді, орыс мектептері жабылып жатыр шетінен. Бірақ банкоматтың алдына келгенде адамдар орысшаны таңдайды. Сөйтсек, орысшасы түсініктірек деп ойлайды екен. Бұл да статистикада тұрғындар орыс тілін жиірек қолданады екен деген түсінік қалыптастырады. Мемлекет осындай қателік жасайды. «Орыс тілің таңдайсың, сосын мынаны басасың, сонда банкоматтан ақшаң шығады», деп үйретіп қойған. ЦОН болсын, «Отбасы банк» болсын, кезекке талон алатын жерде бір жігіт тұрады. Мәселеңді айтсаң, бас салып орысша пернені баса жөнеледі. Ендеше, біздің мемлекеттегі бюрократия жүйесінің құрылысында статистика ешқандай рөл ойнамайды. Әсіресе, тілге қатысты статистика,
дейді ол.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…