ІІМ SMS арқылы азаматтарға алаяқтық әрекеттер туралы ескертіп жатыр

Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтан зардап шегудің алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігі өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы айтылған еді.

Қазақстанның әр тұрғыны тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, мобильді байланыс жасай алады. SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

ІІМ мынадай сақтық шараларын еске салды:

– өзін банк немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, несие рәсімдеу үшін телефон арқылы нұсқау айтатын адамдарға ермеу. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;

– өзін банк, полиция қызметкері ретінде таныстырған адамға жеке деректерді, пластикалық карталар деректемесін, аударымдар туралы түбіртекті, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;

– белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа дереккөздерге жеке дерегіңізді бермеңіз. Тексермей, алдын ала төлем жасамаңыз. Төлемді тауарды алғаннан кейін жасауға келісуге тырысыңыз;

– күмәнді шарттар бойынша аударымдар жасамаңыз;

– қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market-ті пайдаланыңыз;

– белгісіз адамдардан келген сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтемені басуды ұсынады;

– банкинг қызметіне кіретін құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз. 3D арқылы қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

– өз шоттыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Путин Иран президентін жерлеу рәсіміне бармайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ…

12 часов ago

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.…

12 часов ago

Тимур Бекмамбетов Өзбекстанда анимациялық мектептер ашып жатыр

Кинематография әлеміндегі ең танымал қазақ көрші елде өте керемет жобаларды жүзеге асырып отыр, ал президент…

15 часов ago

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

1 день ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

2 дня ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

2 дня ago