Categories: Саясат

Билік өз халқының тілінде сөйлемесе – ол колонист

Мемлекеттік қызметті пайдаланатын қазақстандықтардың (дені қазақтар дей беріңіз), бесеуінің үшеуі «тілді таңдаңыз» дегенде, «русскийді» таңдайды екен.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің зерттеуінше, екі астананы қосқанда, Қазақстанның 17 өңірінің 9-ында халықтың өзі орыс тіліне таңдау жасайды. Ешкім оған мәжбүрлемесе де.

Осы мәселе төңірегінде тіл белсендісі Жалғас Ертай «CoolTòbe» жобасында толғанған екен. Ол былай дейді:

Кез-келген мемлекеттік органның, тіпті мәжілістің отырыс-жиындары тікелей эфирден көрсетілсе, видеоның астында жазылатын жүз комментарийдің кемінде 30-40-ы тіл туралы жанайқай. Проблема неде? «Сен менің тілімде сөйлемей жатып, менің проблемамды қалай шешпексің», деген жауапсыз сауал. Билік өз халқының тілінде сөйлемесе – ол колонист. Ол колонистік позициядан бақылайды, сондай позициядан баға береді және сондай көзқараспен шешім қабылдайды. Демек, біз неоколонистік формада өмір сүріп келе жатырмыз әлі күнге дейін.

Біздің қоғамның санасында «менің пәленше құжатты қазақша сұрауға құқығым бар екен-ау» деген ой жоқ. Біздің халқымыздың басым көпшілігі әлі күнге дейін ескі колонистік парадигмада өмір сүреді. Себебі – билігіміз орысша сөйлейді, орысша жүріп-тұрады. Тіпті сорақысын айтайын, билігіміз – Мәскеу деген оймен өмір сүреді.     

Қателеспесем, «селф ориентализм» деген термин бар, өзіңді-өзің кемсіту. Қазақтар нашар деді, сауатсыз деді, сендерге қала салып бергенбіз дейді, туалетке баруды үйреткенбіз дейді. Сені кемсіте берген сайын, уақыт өте сен де өзіңді кемсіте бастайсың. Біз қазір дәл осы ситуацияда отырмыз. Бізді 100-150 жыл бойы кемсітіп келді, енді біз өз-өзімізді кемсітуге әбден бейімделіп алдық. Өзімізді ғана емес, өзімізге ұқсаған басқа біреуді де кемсітеміз. Колонистік парадигманың аясында осындай формаға ауысып кеттік.

Былтыр мынадай статистиканы байқағам, Алматы қаласындағы ЦОН-дар құжат-қағаздардың 71 пайызын орысша қабылдайды, 29 пайыз құжатты қазақша алады екен. ЦОН-ға барсаң, саған бірінші орысша қағаз ұсынады. Қазақшасын сұрасаң, оны таппай қалады да, «орысшасын толтыра салыңызшы», дейді. Сен де қояр да қоймай, жоқ, орысшаны толтырмаймын деп, қазақшасын талап етсең, әйтеуір іздеп барып бір жерден тауып келеді қазақшасын. Қазақша құжат толтырылды деп солар кіреді әлгі статистикадағы 29 пайызға. Сол 29 пайыз халық – қаһармандар! Алдындағы кедергілерден өтіп, ерлік жасап, 29 пайызға жетіп отырғандар. Алматыда.

Мен Түркістанның адамымын, ол жерде орыстар қазақша сөйлейді. Ешкім орысша білмейді, орыс мектептері жабылып жатыр шетінен. Бірақ банкоматтың алдына келгенде адамдар орысшаны таңдайды. Сөйтсек, орысшасы түсініктірек деп ойлайды екен. Бұл да статистикада тұрғындар орыс тілін жиірек қолданады екен деген түсінік қалыптастырады. Мемлекет осындай қателік жасайды. «Орыс тілің таңдайсың, сосын мынаны басасың, сонда банкоматтан ақшаң шығады», деп үйретіп қойған. ЦОН болсын, «Отбасы банк» болсын, кезекке талон алатын жерде бір жігіт тұрады. Мәселеңді айтсаң, бас салып орысша пернені баса жөнеледі. Ендеше, біздің мемлекеттегі бюрократия жүйесінің құрылысында статистика ешқандай рөл ойнамайды. Әсіресе, тілге қатысты статистика,

дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

8 часов ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago