«Түрмеде жазықсыз отырғаныма міне бір жыл болды»,
деп бастады әңгімесін бұрынғы депутат, ел адамы Қайрат Құдайберген.
Абақтыда біраз адаммен кезігіп «Жаңа Қазақстанда» әділетсіздіктің өршіп жатқанына көзім жетті.
«Естуші мемлекеттің» бүгінгі таңда құлағы бітеу, аузы жабық, ал көзі ешнәрсе көрмейді.
Бүгін өзім туралы айтпай-ақ қояйын.
«түрмедегі адам тағдыры, оның ішінде түрме медицинасы туралы сөз қозғағым келіп отыр. Түрмедегі адамдарға медициналық көмек көрсету мәселесі бұл үлкен шешілмеген сұрақ. Құрал-жабдықтар мен кәсіпқой медиктер жетіспейді. Оның түсінікті, түрмеге жұмыс істеуге ешкім барғысы келмейді, себебі жалақы аз, тұратын жері алыс, ал жұмыс жағдайы өте ауыр.
Мысалы 1500 адам жазасын өтеп жатқан түрмеге тек бір ғана «жедел жәрдем» көлігі бөлінген.
Жедел жәрдем көлігінде көмек көрсететін бірде-бір құрал жоқ. Іші быт-шыт, ал таза ауа мен күн сәулесіне арналған люктың орнында, скотчпен оралған картон. Көлік жүрген кезде салон толығымен керосин сасыйды. Бұндай жедел көліктің ішінде отырудың өзі азап. Дәл осы «көлік» түрмеде отырған жүкті әйелдерді, жасы жеткен қарияларды, мүгедек адамдарды тасиды.
Бұл СИЗОның кінәсі емес, себебі медициналық қызмет көрсету сұрағын тікелей денсаулық сақтау министрлігіне өткізген.
мен отырған СИЗО 24-емханаға тіркелген. Бұл байқұстар қолынан келгенше көмек береді, бірақ оларға бөлінген қаражат түкке жетпейді
Құрметті әкім мырза, маслихат депутаттары! Түрмеде өздеріңіз сияқты адамдар отыр. Өкінішке орай, медициналық қызмет көрсету деңгейі өте нашар, біздің ақ халатты батырларымызға көмек керек!
деп ішкі дертін ақтарыпты Қайрат Құдайберген өзінің инстаграм парақшасында.
Құрал-жабдықтарды жаңарту керек, 1500 адам отырған түрмеге кемінде 3 арнайы техника қажет: 1 реанимобиль, 2 жедел жәрдем көлігі.
1 трлн 258,2 млрд теңге бюджеті бар Алматы қаласы үш жәрдем көлігін алу үшін 200 млн теңге бөлсе, бюджет құлдырап кетпейді.