Categories: Саясат

Биліктің қатыгездігіне етіміз үйреніп кетті

Белгілі саясаткер Дос Көшім Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы әуежайды басып алды деп айыпталып, бірнеше жылға сотталған бесеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша айыпталып, 4 жылға сотталған журналист Әйгерім Тілеужан, 8 жыл арқалап кеткен Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтерге шығарылған сот үкімі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Әлеуметтік желіде «Жаңа Қазақстан» сотының әділетсіз екенін айтып, жазып жатқандар көп. Бірақ саясаткер Дос Көшім одан келіп-кетер пайда жоқ дейді. Оның айтуынша, қоғамның шулап-шулап қоятынына биліктің еті әбден үйреніп кеткен.

Биліктің мұндай қатыгездігіне, іс-әрекетіне етіміз үйреніп кетті ғой. Басқаларға сабақ болуы үшін, міндетті түрде билікке қарсы шыққандарды жазалайтын жүйе сол күйі тұр. Ешнәрсе өзгерген жоқ.

Бұған дейінгі Жаңаөзен бар, басқа да жағдайлар бар, бұл соның жалғасы. Қазір әлеуметтік желіде бесеудің сотына қатысты түрлі пікір жазылып жатыр ғой. Бірақ оған құлақ асатын билікті көріп тұрғаным жоқ. Шулап-шулап қояды. Егер осы мәселені билік саяси тәсіл ретінде пайдаланғысы келсе, рақымшылық жасау арқылы өздеріне ұпай жинауы мүмкін. Алайда, жүйе өзгермей ешнәрсе өзгермейді.

Жүйені өзгерту деген – телефон шұқылап, пікіріңді әлеуметтік желі парақшаларында жазу емес. Жүйені өзгерту үшін саяси ұйым ба, партия құрылуы қажет. Бірақ қазіргі уақытта мен қоғамнан ондай қимылды көріп тұрғаным жоқ. Барлары ыдырап жатыр. Мен үшін ең өкінішті тұсы осы,

деді Дос Көшім.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago