Categories: Шолу

Білім жүйесіндегі сәтсіздік және инфляциямен күрес. 8 шілде

Әлеуметтік желілерде бидай шығаруға шектеу қою, британ премьер-министрінің отставкаға кетуі және Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастыққа қайта бағдарлануы туралы жаңалықтар ерекше талқыланды.

Тоқаев Үкіметке Қазақстан порттарын Каспий теңізінің жетекші хабтарына айналдыруды тапсырды. Мақсаты- Транскаспий бағдарын мұнай жеткізу үшін басым ету және елдің Еуропамен экономикалық ынтымақтастығын нығайту. Биліктің іс-әрекеті көпшіліктен оң баға алды. Солтүстік көршісіне тәуелді ресейшіл қоғамның сегментін сынға алу қауіпті.

Ал ресейлік насихатшы Тигран Кеосаянның YouTube каналы бұғатталды. Ол  республиканың саяси басшылығы туралы ащы пікір білдірген.

БАҚ назарына ілігіп, ең көп тараған криминалдық оқиғалар да орын алды.  Ағымдағы жылдың сәуір айында алматылық әйел полиция қызметкері тарапынан қорлау мен қудалауға ұшырағаны мәлім болды. Құқық қорғау ведомствосының басшылығы  қызметкердің оң мінездемесін негізге ала отырып, зардап шеккен азаматшаның  өтінішіне азаматтық сотқа жүгінуді ұсынған.  Жарияланған пост кең аудиторияның  наразылығын тудырды.

Жанармайды бөлшектеп сату бағаларын  уақытша мемлекеттік бақылауға алу жаңалығы халықты қуантқаны анық. Бірақ жағдайды түзету үшін жеткіліксіз.  Аталмыш өнімнің бағасы қаңтар оқиғаларынан кейін шарықтап кеткені билік үшін өте қорқынышты, әрі ауыр тәжірибе болған еді. Кейбір комментаторлар осыны негізге алып сақтану шараларын ойластырғандары абзал деп мысқылдады.

Өзбекстанда Қарақалпақстандағы қазақстан азаматтарына көмек көрсету бойынша жедел штаб құрылды. Өзбек ІІМ-нің жаңалығынан кейін көрші республикадағы толқулар ел тұрғындарын алаңдатты. Халық қарақалпақтарды жақтап, бауырлас елге қолдау көрсетуге шақырады.

Бидай, ұн және күнбағыс тұқымдарын елден шығаруға қойылған шектеулер қажетті және сөзсіз шара ретінде оң бағаланды. Алайда қабылданған шаралар күнделікті қажетті өнімдердің бағаларын төмендете алмады.

Британдық премьер-министр Борис Джонсонның отставкаға кетуі туралы жаңалық  елімізде қызу талқыға түсті.  Бұған артқан қызығушылық Украинаның батыс бөлігіне  қолдау көрсетуге байланысты.  

ҰБТ тапсырған түлектердің 33%-ға жуығы шекті бал жинай алмаған. Оқырмандардың пікірінше, мәселе білім беру жүйесі деңгейінің төмендігінде. Олар оқыту сапасын арттыру үшін құрылымдық реформаларын қайта қарастыру керек дейді.

Келе жатқан Құрбан айтқа арнап билік белгілеген құбандық шалу орындары мен санитарлық нормалар туралы жаңалықтар да назардан тыс қалмады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago