Ол Қазақстанға өз еркімен оралған.
Пак Виталий Леонидович 2011 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген. «Жаңа Қалқаман» ЖШС-нің директоры 2006-2008 жылдар аралығында заңсыз несие беру арқылы Мұхтар Әбілязовтың сыбайластарымен бірлесіп 8,9 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған.
2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында жүргені анықталды.
Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдаған.
Биыл 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды,
делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.