Ranking.kz мәліметінше, биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдері бір жылда бірден 15,9% қымбаттады. Оның ішінде ет және құс еті — 14,6%, шұжық өнімдері — 21,3%, басқа да ет өнімдері — 15,7% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ет және ет өнімдері ең қатты қымбаттаған Маңғыстау облысы: бір жылда 22,6%. Одан кейін Павлодар (20%) және Ақтөбе (19,5%) облыстары.
Қазан айында дүкендер мен базарлар сөрелерінен сиыр етінің килосы орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой етін — 2,7 мың теңгеден, шошқа етін — 2 мың теңгеден, жылқы етін — 3 мың теңгеден, тауық етін — 1,4 мың теңгеден, тауық сан етін — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжықты — 2,6 мың теңгеден, жартылай ысталған шұжықты — 3,1 мың теңгеден, сиырдың бауыпын — 1,2 мың теңгеден сатылды.
Еске салайық: биылғы 1 қазанға дейін республикада 9 млн бас ірі қара мал болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7% артық. Оның ішінде сиыр басы 4,6 млн басты құрады.
Жылқы саны 11,7% өсіп, 3,8 млн басқа, түйе — 8,6% өсіп, 265,3 мың басқа, қой — 4,2% өсіп, 21 млн басқа, құс — 0,6% өсіп, 50 млн басқа дейін жетті.
Бұл ретте ешкі 0,8% азайып, 2,5 млн басты және шошқа 11,6% азайып, 849,3 мың басты құрады.
2022 жылғы қаңтар–қыркүйекте 1,5 млн тонна мал мен құс тірідей салмақта (бір жылда 0,7% көбейген), сойғандағы салмағы 847 мың тонна (0,3% көбейген), сойылды немесе союға сатылды.
Сиыр сүті өндірісі 1,8% өсіп, 5,1 млн тоннаға, тауық жұмыртқасы өндірісі 5,3% өсіп, 3,8 млрд данаға, ірі малдың терісі өндірісі 1,6% өсіп, 2,3 млн данаға дейін жетті. Ұсақ мал терісінің өндірісі былтырғымен салыстырғанда 0,6% азайып, 5,2 млн дана болды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…