Categories: Галерея

«Тұр да, кет»: Филипп Киркоров қазақстандық жанкүйерін гүлшоғымен ұрған

Филипп Кирокоровтың Алматыдағы «шытырман оқиғалары» әлі жалғасын тауып жатыр. Желіде ресейлік әншінің концерттен көрерменді қуып, ал басқа біреуді гүлшоғымен ұрған видеосы пайда болды.

Tik-tok желісінде поп-корольдің қатысуымен тағы бірнеше ерекше видео пайда болды. Онда ашулы Киркоров гүлшоқтарын құшақтап залда отырған көрермендердің бірін қуып жатыр. Филипп Бедросовичтің ашуына кім тигені белгісіз.

 «Жоғал мына жерден! Кет! Тұр да, кет! Тұр да, мына жерден кет!» — деп әртіс микрофонға бірнеше рет айтады. Ал осы кезде басқа жанкүйерлер оған гүл шоқтарын беріп әлек.

Бұл видео қазақстандық қана емес, ресейлік порталдарда да тез таралып жатыр. Осыған орай, әртістің директоры Екатерина Успенская Life.ru басылымына жедел түсініктеме беріпті. Айтуынша, Филипп Бедросұлы концертте өз командасының адамымен ұрсысып қалған.

«Ол біздің командамыздың адамы болған. Ол жанкүйерлерді сахнаға жібермей тұрған. Жанкүйерлер Филипке барғысы келген, ал оларды жібермеген. Барлығы Филипп туралы айтып кеткеніне қарағанда осы әлемде басқа ештеңе болып жатпаған сияқты. Бізде бәрі жақсы: концерттер аншлагпен өтіп жатыр, гастрольдік турымыз жүріп жатыр. Барлығының назары бізде. Бізбен басқа бәсекелесе алатын адам бар ма?»,

деп жауап берген Киркоровтың директоры.

Ол, ол ма, кейін ресейлік әнші сахнадан түсіп, бірінші қатарда отырған көрерменді гүлшоғымен ұрып кеткен. Түр-әлпетінен әртіс біршама ашулы екенін байқауға болады.

Айта кету керек, бұған дейін әншінің Алматы сахнасында іш киім және капрон колготкамен шыққаны Қазнетті шулатқан. Түрлі жағымсыз пікірлерден кейін әртіс парақшасында түсініктеме беріп, командасы оған пранк жасағанын айтқан.

55 жастағы музыкант бұған айдың тұтылуы мен оның адамдарға әсері кінәлі деп тапты:

Жарайды! Әзіл-әзілімен! Шынымды айтсам, мен мұндай әзілдерді ұнатпаймын, бірақ шарасыз күйде қалдым. Бірақ Show Must go on! Командамның бұл ерсі қылығын ұмытпаймын. Жауап дайындаймын! Айдың тұтылуын әркім өзінше атап өтеді,

деп қорытындылады Киркоров.

БАҚ мәліметінше, соңғы кездері Филипп Бедросұлы өзіне түрлі себеппен назар аудартуды жөн көріп жүр. Қазақстандағы атышулы концертке дейін Ташкентте сахнада тұрып Наргиз Закированың намысына тиетін сөздер айтқан.

Одан бәрібір ештеңе шықпайды, қанша тырысса да, шашын қырып тастаса да, дред тақса да. Бәрібір ештеңе шықпайды, қызға обал. Бірақ, неге обал? Ол неге жұлдыз болмадым деп таңғалады, ал сен өзіңнің түріңе айнадан қарадың ба? Өзіңді айнадан көргенсің бе, ұсқынсыз?,

деген Филипп Киркоров.

Бұған дейін қоғам белсенділері Филипп Киркоровтың Қазақстанға келуіне қарсы шығуға шақырған болатын. Бұған оның Ресейдің Украинадағы әскери операциясын жақтайтыны себеп болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

21 час ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

21 час ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

22 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago