Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданындағы ауылдық округтің бірі толық алкогольден бас тартқан. Бұл аймақта алкоголь сатылмайды да, қолданылмайды да. Бұл тұрғындардың өзі қабылдаған шешім, кейінгі үш жылда ауылдық округте бірде-бір қылмыс болмаған, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ішімдіктен бас тарту туралы ұсыныс ең алдымен жастардан түскен. Бұл идеяны ауыл тұрғындары да қолдаған. Ішімдікті ішуге тыйым салынып қана қоймай, дүкен сөрелерінен де алынып тасталды.
Жастарымыз өте белсенді. Бәріміз ішімдікке түбегейлі қарсымыз. Тыныш өмірдің демеушісі — ішімдіктің болмауы,
дейді Сәкен Сейфуллин атындағы ауыл тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.
Ауылдық округ құрамында 3 ауыл бар. Жергілікті учаскелік инспектор ауылдарды көп араламайды.
Кейінгі жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеді. Ауыл жастары қызметпен немесе мал бағумен айналысады,
дейді инспектор Сәкен Қартаев.
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылда мерекелер ішімдіксіз өтеді. Дүкені бар кәсіпкерлер ауыл тұрғындары секілді ішімдіктен бас тартқан.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…