Categories: Оқиға

Өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің мәйіті табылды

“АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден табылды. Мәйітте пышақ іздері бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Патриот Telegram-арнасының мәліметінше Ирина Эм 54 жаста болған. Мәйіт Жеңіске 40 жыл көшесіндегі пәтерді сөндірген соң табылған. 

Алдын ала мәлімет бойынша қылмысты жасыру үшін өрт қойылуы мүмкін. Оның өлімі мен мамандығы арасындағы байланыстың бар-жоғын тергеу анықтайды,

делінген хабарламада.

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенгенін хабарлады. 

Өрт болған жерле 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. ТЖД қызметкерлері тоғыз адамды эвакуациялады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:31-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрт себебі анықталып жатыр,

деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Заңгердің өлімінен кейін полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша іс қозғады. Қазір қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago