Categories: Қоғам

Ішімдіктен бас тартқан ауыл: қылмыс мүлдем жоқ

Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданындағы ауылдық округтің бірі толық алкогольден бас тартқан. Бұл аймақта алкоголь сатылмайды да, қолданылмайды да. Бұл тұрғындардың өзі қабылдаған шешім, кейінгі үш жылда ауылдық округте бірде-бір қылмыс болмаған, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ішімдіктен бас тарту туралы ұсыныс ең алдымен жастардан түскен. Бұл идеяны ауыл тұрғындары да қолдаған. Ішімдікті ішуге тыйым салынып қана қоймай, дүкен сөрелерінен де алынып тасталды.

Жастарымыз өте белсенді. Бәріміз ішімдікке түбегейлі қарсымыз. Тыныш өмірдің демеушісі — ішімдіктің болмауы,

дейді Сәкен Сейфуллин атындағы ауыл тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.

Ауылдық округ құрамында 3 ауыл бар. Жергілікті учаскелік инспектор ауылдарды көп араламайды.

Кейінгі жылдары бірде-бір қылмыс тіркелмеді. Ауыл жастары қызметпен немесе мал бағумен айналысады,

дейді инспектор Сәкен Қартаев.

Сәкен Сейфуллин атындағы ауылда мерекелер ішімдіксіз өтеді. Дүкені бар кәсіпкерлер ауыл тұрғындары секілді ішімдіктен бас тартқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago