Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > «Бірінші кішкентай бала суға кеткен»: куәгерлер Түркістан облысындағы қайғылы жағдай туралы айтты
Оқиға

«Бірінші кішкентай бала суға кеткен»: куәгерлер Түркістан облысындағы қайғылы жағдай туралы айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 23.08.2023
Обновлено 23.08.2023 в 10:08
Поделиться
Поделиться

Түркістан облысында Сырдария өзеніне демалуға барған бір әулеттің 11 адамы суға кетіп ажал құшты. Куәгерлер жанұя мүшелері өзен суына тұншығып қалғандарын айтады. Ал суға бірінші болып кішкентай бала түскен екен. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлады.

Бір күн бұрын ғана отбасылық мереке өткізген әулет өзен маңына демалу үшін келген екен. Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда балалардың күлкісі шыққан аумақтан көмекке шақырған дауыс естілген. 

Біз арғы бетте жүргенбіз. Осы жерде балалар ойнап жатыр екен. “Құтқарыңдар” деген дауыс естілді. Содан біз айналып келгенше барлығы жүгіріп жүр екен. Көмектесіп, 6 адамды шығардық. Қандай күйде екенін білмейміз, жүгіріп әкеп-әкеп қойдық. Қарайтындай шама болмады,   

деді куәгер Әділхан Аманов.

Орны толмас қайғыдан кейін қаралы отбасы есеңгіреп қалған. Немерелерінен айрылған ата-әжеге жарты сағат сайын жедел жәрдем көмегі келіп жатқан. Төтенше жағдай қызметкерлері мен ауыл тұрғындары ағайындылар бір-бірін құтқарамын деп суға секірген дейді.

Бірінші кішкентай бала түсті деді сол үйдің. Соны құтқарамын деп анасы кеткен. Анасын құтқарамын деп қыздары секіре берген дейді. Бір үйден анасын қосқанда бесеу кетті. Бір үйден үшеу кетті, бәрі бір атаның балалары. Бір атадан 4 бала болса, 4 баланың ұл-қыздары көз жұмды,

деді Көксарай ауылының тұрғыны Мұсабек Сарымбет. 

Суға кеткен 11 адамның ең үлкені – 40 жастағы келіншек. Ол бірнеше күн бұрын ғана үлкен қызын оқуға шығарып салған екен. Өкінішке қарай Сырдарияда Баян Айтбаймен қоса үш қызы мен бір ұлы ажал құшты. Тағы бір отбасы төрт баласынан, екі жанұя бір-бір перзенттерінен айырылды.

08:55-те бір денені батқан жерден төмен 50 метр шамасында су түбінен алып шықтық. Екінші денені 22:50-де 5 метр жерде талға қыстырылып қалған жерден алып шықтық,  

деп мәлімдеді Түркістан облысы жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Мұрат Қамбаров.

Суға кеткен 10 және 12 жастағы ұл мен қыз әлі табылмады. Ал Сырдариядан денесі шығарылған 9 марқұм 22 тамызда жер қойнына тапсырылды. Олардың ең кішкентайы – 4 жасар ұл бала. 

Анара Бауыржанқызы 23.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?