Біртанов 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша сот жарыссөздері өтіп жатыр.

Прокурор соттан экс-министрді кінәлі деп тануды және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ, айыптау Біртанов пен оның орынбасары Әбішевтен 1 миллиард 548 миллион 136 мың 575 теңгені тең үлестермен өндіріп алуды және Біртановтан санитарлық авиация бортын пайдалануға жұмсалған 5 миллион 503 мың 721 теңгені өндіріп алуды талап етті.

Еске салайық, Біртанов пен Әбішевке «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесуі» платформасындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей-ақ аяқтау, пилоттық пайдалануды енгізу және жұмысы аяқталмаған платформаны қабылдау туралы келісім жасасып, өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Сонымен қатар Біртановқа 2020 жылдың маусым айында іссапарда болған кезінде COVID-19 тестінен өтіп, теріс нәтиже алғанына қарамастан, Жамбыл облысының емдеу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбей, Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлеріне Тараздан Астанаға санитарлық авиация бортында тасымалдауды ұйымдастыру туралы заңсыз нұсқау берген деген айып тағылды. Салдарынан мемлекетке 5,5 миллион теңге шығын келтірген.

Біртанов  2021 жылдың 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago