Әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағымен («Аса қатігездікпен адам өлтіру») тергеліп жатыр.
Бұл туралы 30 қарашада мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты.
Бұрын бұл іс 99-баптың 1-тармағымен («Адам өлтіру») тергелетіні айтылған.
Өмірәлиевтің сөзінше, Бишімбаевтың туысы да «қылмысты жасырды», «полицияға хабарламады» деген күдікпен тергеу изоляторына қамалған.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағында («Адам өлтіру») 8-15 жылға дейін жаза қарастырылса, 99-баптың 2-тармағы бойынша («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») 15-20 жылға дейін жаза белгіленуі мүмкін.