Салтанат Нүкенованы өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды,
делінеді Астана қалалық сотының ақпаратында.
Оған Қылмыстық кодекстің «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр.
11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған болатын.
- Экс-министр 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады.
- Кейін жедел жәрдем келген оның әйелі оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.