Экономика

Биыл 11 айда Қазақстан 124 мың жеңіл автокөлік шығарды

Автомобиль мен коммерциялық техника өндірісі 37,4% өсті​​​​​​​
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» берген мәлімет бойынша, биыл қарашада елде жалпы сомасы 162,1 млрд теңгені құрайтын 12 961 автокөлік шыққан, бұл былтырғы нәтижемен (11 216; 132,2 млрд теңге) салыстырғанда +15,6% жоғары.

11 ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы кәсіпорындар жалпы құны 1,65 трлн теңгеден асатын 136 909 көлік құралын өндірді (+37,4%). Машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 44,9%.

Отандық зауыттар құрастырып жатқан өнімдердің басым бөлігі: жеңіл автомобиль (124 491; +37,6%). Дегенмен 11 айда жүк көліктерінің үлесі артты (8 201; 21,7%). Одан бөлек 2 621 автобус (+134%), 1 056 тіркеме және жартылай тіркеме, 540 басқа арнайы техника конвейерден түсті.

Биылғы он бір ай нәтижесіне сүйенсек, Қостанайда (Allur) 82 854 техника жасалды (+38%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 46 159 (+35%) жеңіл және коммерциялық техника шығарды. Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 876 коммерциялық техника құрастырса (+64,3%), Қарағанды облысындағы QazTehna 1 405 техника өндірді (+229%). Ал Көкшетау (КАМАЗ-Инжиниринг) 1200 коммерциялық техника жөнелтті (+4,1%).

Елде қаңтар мен қараша аралығында аса танымал болған (экспортты қосқанда) жеңіл көлік брендтері қатарында Hyundai (45 306), Chevrolet (36 959), Kia (22 868), Jac (17 069) және Jetour (3 661) бар. Ал модельдерге келер болсақ, отандық зауыттар Chevrolet Cobalt (23 198), Hyundai Tucson (13 660), Jac J7 (11 483), Kia Sportage (10 180) және Hyundai Santa Fe (7 632)
көліктерін көптеп өндірген.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago