Автомобиль мен коммерциялық техника өндірісі 37,4% өсті |
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» берген мәлімет бойынша, биыл қарашада елде жалпы сомасы 162,1 млрд теңгені құрайтын 12 961 автокөлік шыққан, бұл былтырғы нәтижемен (11 216; 132,2 млрд теңге) салыстырғанда +15,6% жоғары. 11 ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы кәсіпорындар жалпы құны 1,65 трлн теңгеден асатын 136 909 көлік құралын өндірді (+37,4%). Машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 44,9%. Отандық зауыттар құрастырып жатқан өнімдердің басым бөлігі: жеңіл автомобиль (124 491; +37,6%). Дегенмен 11 айда жүк көліктерінің үлесі артты (8 201; 21,7%). Одан бөлек 2 621 автобус (+134%), 1 056 тіркеме және жартылай тіркеме, 540 басқа арнайы техника конвейерден түсті. Биылғы он бір ай нәтижесіне сүйенсек, Қостанайда (Allur) 82 854 техника жасалды (+38%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 46 159 (+35%) жеңіл және коммерциялық техника шығарды. Семей (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 876 коммерциялық техника құрастырса (+64,3%), Қарағанды облысындағы QazTehna 1 405 техника өндірді (+229%). Ал Көкшетау (КАМАЗ-Инжиниринг) 1200 коммерциялық техника жөнелтті (+4,1%). Елде қаңтар мен қараша аралығында аса танымал болған (экспортты қосқанда) жеңіл көлік брендтері қатарында Hyundai (45 306), Chevrolet (36 959), Kia (22 868), Jac (17 069) және Jetour (3 661) бар. Ал модельдерге келер болсақ, отандық зауыттар Chevrolet Cobalt (23 198), Hyundai Tucson (13 660), Jac J7 (11 483), Kia Sportage (10 180) және Hyundai Santa Fe (7 632) |
Оставить комментарий