Экономика

Биыл браконьерлер мемлекетке 13 миллард теңге шығын келтірген

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов биыл браконьерлердің мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлішер Жармағамбетов елімізде қоршаған ортаны қорғау саласында 300 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелгенін айтты. 

Экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады. Жалпы браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарының ауырлығын толық түсінбеуінде. Заңсыз, яғни орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы болсын табиғи ресурстарды бақылаусыз пайдалану ауданның бүкіл экожүйесіне кері әсерін тигізеді,

деді Жармағамбетов.

Мәселенің өршуіне байланысты мемлекеттік органдар бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық шараларды қолға алған.

Жоғары тәуекел маусымдарында рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Мысалы, балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше осалдығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтіледі. Іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар аңшылар арасында қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу аң аулау кезінде жарақат алуға әкеліп соқтыратын жағдайлар орын алып тұрады,

деді ол.

Бұған дейін киік санын реттеуге кіріскен инспекторлардың әрекеті халықтың наразылығын тудырғаны туралы жазған едік.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago