Зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында.
Жыл басынан бері кәсіпорында 134 жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты деп хабарлады Halyq Uni.
Биыл 9 айда елдегі кәсіпорындарда 999 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға аз. Сондай-ақ 134 адам қаза тапты. Бұл былтырға қарағанда 4,3%-ға төмен.
Төлеген Оспанқұлов өндірістегі қайғылы оқиғалардың негізгі себебіне тоқталды.
Зардап шеккендердің өндірістік қауіпсіздікті мүлде елемеуі, өндіріс пен жұмысты қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастыру – 34,9%. Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, ШҚО, Қостанай облысы, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматыда тіркелді. Экономика салаларының бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында,
деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, бүгінде кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 1 млрд теңгеден асады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…