Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді. Дін басшылары ереже жазылған құжатқа қол қойды. Нәтижесінде кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды.

«Қадірлі бауырлар! Бүгін өздеріңізбен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мұсылмандар басқармаларының басшылары осы қалада ережені бекітіп, қол қойылды. Енді Түркі мемлекеттері мүфтилері осы ереже аясында бірігіп іс қылады. Біз бұған дейін Түркияның Стамбұл, Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында бас қостық. Жиында Түркі елдерінің жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгінгі Әзербайжан жеріндегі үшінші отырыста Кеңестің Ережесі толық бекітілді. Бастамаға қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын! Ереже аясында алдағы уақытта бірқатар ірі жобалар, діни теріс ағыммен күрес, тарихи құндылықтарды түгендеу, Ғұламалар кеңесінің жиынын өткізу, бабалар жолын жаңғырту жұмыстары күтіп тұр. Сондықтан кеңес жұмысына табыс тілеймін», – деді Бас мүфти.

Cондай-ақ кеңес ережесінде негізінен түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды дәріптеу, отбасы, салт-дәстүр, түркі елдерінен шыққан дін қайраткерлерін насихаттау, жат ағыммен күрес, бірлесе симпозиум мен конференциялар ұйымдастыру, діни әдебиеттер мен түркі тілдерінде тараған шығармаларды таныту, Ғұламалар кеңесінің жұмысын өткізу сынды мәселелер қамтылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

21 час ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

22 часа ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

22 часа ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

22 часа ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

24 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago